Перейти к содержимому
mangystau.nurotan.kz

Филиал Манг. области

@mangystau.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 23 маусымКазахстан

Официальный филиал партии "AMANAT" в Мангистауской области

рейтинг

250

жазбалар

747

пікірлер

0

тіркелуші

51

жазылымдар

7

Үгіт-насихат науқаны – маңызды кезең

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, кандидаттардың және олардың сенімді өкілдері арқылы сайлаушылармен онлайн және офлайн кездесулер, қоғамдық қабылдаулар, үнпарақтар тарату жұмыстары осы маңызды кезеңде жүзеге асады.«Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» атты ұранмен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатқан «Nur Otan» партиясы маңызды кезеңде өте белсенді жұмыс атқарып жатыр. Осы орайда 19 желтоқсан облыстық мәслихат депутатына үміткер Киікбай Ешманов пен Ақтау қалалық мәслихат депутатына үміткерлер Ерген Сыражанов және Мұратбек Досжанов сайлаушылардың үйлеріне арнайы барды.«Партияның сайлауалды бағдарламасы биылғы науқанға орай әрбір өңірге жеке дара әзірленді. Бағдарлама жасақталмас бұрын осыған дейін ұйымдастырылған праймеризде халықтан түскен өтініштер ескерілді, оған қоса жергіл…

3
0
174

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік наградалар тапсыру рәсіміне қатысты

Салтанатты шара барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Маминге, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшісі Д.Ақышевқа, Алматы облысының әкімі А.Баталовқа, Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы А.Әшімбекұлына, «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры А.Дзюбаға, «Mabetex Group» компаниясының негізін қалаушы Б.Паколлиге, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы басшысының орынбасары С.Сейтеновке мемлекеттік наградалар тапсырды.

7
0
155

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы

Біз 29 жыл бұрын ата-бабамыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындап, тәуелсіздікке қол жеткіздік. Әлем қартасына Қазақстан атын ойып жаздық. Қазақстан әлем мойындаған іргелі елге айналды. Еуразия жүрегінде жаңа астанамызды салдық. Біз Алтайдан Атырауға, Алатаудан Арқаға дейінгі ұлан-ғайыр атырапты мекендеген баһадүр бабалардың ұрпағымыз. Үстірт пен Қарт Каспийдің жағасын, Сыр мен Ертістің арасын алып жатқан байтақ даланың заңды мұрагеріміз. Бұл – ата-бабамыздың аманаты. Бабадан мирас болған қастерлі жерімізді көздің қарашығындай сақтау, тәуелсіздігімізді баянды ету, еліміздің жарқын болашағы үшін қызмет ету – бәріміздің асыл борышымыз. ⠀ Құттықтаудың толық мәтінін Elbasy.kz сайтынан оқи аласыз.

6
0
142

Мәжіліс депутатына кандидат Мусабаев Самат Базарбайұлы аудан тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында аудандағы түйткілді мәселелер сөз болды. Соның ішінде көптің көкейінде жүрген карьерлер, қазіргі таңда өзекті мәселеге айналған газ тапшылығы турасында сұрақтар қойылды. Халық сөзін құлақ түре тыңдаған С.Базарбайұлы, қозғалған мәселелердің барлығы дерлік назарында екенін жеткізіп, оң шешімін табу жолында еңбек ететіндігін жеткізді. Сонымен қатар аудан тұрғындарын алда келе жатқан саяси науқанға белсенділікпен қатысуға шақырды.

6
0
149

ҚР Парламент Мәжілісі депутатына кандидат Еділ Жаңбыршин аудан тұрғындарымен кездесті.

Биыл әлемдік пандемияның әсерінен елімізде төтенше жағдай жарияланып, негізгі байлық денсаулық екенін ұғындырды. Бұл жағдай барлық маңызды салалардағы қызметке кеңірек қарауға, салауатты өмір салтын ұстануға, жастарды еңбекқорлыққа баулуға шақырды.

Тарихы тереңде жатқан қазақ елінің Тәуелсіздік мерекесі қарсаңындағы кездесуде тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуын тіледі. Мемлекеттің саяси жүйесіндегі маңызды буыны саналатын сайлау науқанына аудан жұртшылығын үлкен ауызбіршілікпен қатысуға үндеді.

7
1
281

Аудан спортшыларымен кездесуі өтті.

Кездесуде О.Қазақбаев сөз алып, жиынға қатысушыларға сайлаудың еліміз үшін мән-маңызын кеңінен түсіндіріп өтті. Өз сөзінде ол партияның жеткен жетістіктері мен қоғам үшін атқарған маңызды жұмыстарын баяндап, алдағы уақытта да осы қарқынмен халық қамы үшін аянбай еңбек ете беретінін айтты.

Сондай-ақ спортшыларымыздың жетістігімен мақтанатынын және олардың алда бұдан да жақсы жетістікке жету жолында партияның аянып қалмайтынын айтты. Сайлауалды бағдарламада қамтылған мәселелер қазіргі таңда еліміз үшін атқарылуы керек ең өзекті жұмыстар екенін жиналғандарға тарқата айтып берді.

Шара соңында штаб мүшелері кездесуге қатысушыларға алғысын білдіріп, Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ алдағы сайлауда жұмған жұдырықтай бірлік танытып дауыс беруге шақырды.

6
0
287

Ауыл тұрғындарымен кездесті

Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша ауданымызда алдағы жылдары атқарылатын жұмыстардың басым бағыттары таныстырылып, елдің алдағы жарқын болашағы үшін дұрыс таңдау жасауға шақырды.

Өз кезегінде ауыл тұрғындары нақты істер партиясы “Nur Otan” партиясын қолдайтындықтарын және отбасыларымен бірге дауыс беретіндіктерін жеткізді!

5
0
148

Партиялық бақылау жұмыстары жүргізілді

2018 жылы жер төленің құрылыс жабдықтары сатып алынып, 2019 жылы жер төленің қазу жұмыстары жүргізілген. Қазір фундамент блоктарын орналастыру, нысанның тас қалау, төбесін жабу жұмыстары жүзеге асырылуда. Жоба 2021 жылы аяқталып,тапсырылады.

Рейдтік шара барысында комиссия мүшелері құрылыс жұмыстарының қалай іске асып жатқанын,жұмысқа қанша адам тартылғанын анықтады.

Жобаның уақытылы жүзеге асырылуы партиялық бақылау комиссиясы бақылауында болатындығы ескертілді.

5
0
183