ҚР Парламент Мәжілісі депутатына кандидат Еділ Жаңбыршин аудан тұрғындарымен кездесті.
Биыл әлемдік пандемияның әсерінен елімізде төтенше жағдай жарияланып, негізгі байлық денсаулық екенін ұғындырды. Бұл жағдай барлық маңызды салалардағы қызметке кеңірек қарауға, салауатты өмір салтын ұстануға, жастарды еңбекқорлыққа баулуға шақырды.
Тарихы тереңде жатқан қазақ елінің Тәуелсіздік мерекесі қарсаңындағы кездесуде тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуын тіледі. Мемлекеттің саяси жүйесіндегі маңызды буыны саналатын сайлау науқанына аудан жұртшылығын үлкен ауызбіршілікпен қатысуға үндеді.


