ШЫМКЕНТТЕ ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ ИММУНДАУ ҚАЛАЙ ЖҮРІП ЖАТЫР?
Шымкенттегі медициналық және мектепке дейінгі ұйымдарда қызылшаға қарсы екпе жұмыстары жүріп жатыр. Елімізде қызылша вирустық инфекциясының өршуіне байланысты денсаулық сақтау саласының мамандары дабыл қағып отыр. Республиканың барлық аумағында вирусқа қарсы қосымша иммундау жұмысы қолға алынған.– Қалада қызылша инфекциясының таралуына байланысты эпидемиологиялық ахуал қолайсыз болып тұр. Жыл басынан бері қызылшаның алғашқы диагнозы бойынша 6465 жағдай тіркеліп, оның ішінде 3021 адамның диагнозы зертханалық талдаулар негізінде расталды. Жұқпалы дертке шалдыққандардың 80-85 пайызы 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер. Оның басым көпшілігін 6 жасқа дейінгі балалар құрады.Қызылша – адамдарға тез жұғатын жұқпалы аурудың бірі. Ертеректе вакциналар қолжетімді болғанға дейін қызылшаның таралуын тежеу…