«Ұры жүйенің әдетімен бірде-бір жаңа партия әлі тіркелген жоқ» - Серік Әбдірахманов
Жаңа Қазақстанның саяси жүйесін құруға кедергі көп. Соның бірі - жаңа партиялардың тіркеуден өтпей тұрғаны. «Сұрауы бар» YouTube арнасына сұхбат берген қоғам қайраткері Серік Әбдірахманов бұған ескі биліктің өкілдерін тікелей кінәлайды.«Ұры жүйенің әдетімен бірде-бір жаңа партия әлі тіркелген жоқ. Мысалы, мені Олжас Сүлейменов шақырды. «Қазақстан халық конгресі» партиясын құрамыз деп бірнеше рет жиналдық. Петр Свойк, Ғани Қасымов келді. Жігіттер жиналып жатыр. Құжаттарын тіркеуге берді. Олжекең Тоқаевпен кездесіп, оны ашық қолдайтынын білдірген. Олжас Сүлейменовтің артында миллион халық тұр ғой. Оппозициялық емес, Президентті қолдаушы партия құрмақ. Бірақ «Қазақстан халық конгресін» тіркемей жатыр», - дейді Серік Әдірахманов.Президенттің бастамасымен партиялардың сайлауға қатысуына біршам…