Талғат Даргужиев Сырым аудандық маслихатындағы "Nur Otan" партиясы Фракциясының отырысы туралы.
Талғат Даргужиев: Бүгін аудандық партия филиалының төрағасы Т.Төреғалиевтің төрағалығымен онлайн жүйесінде Сырым аудандық маслихатындағы "Nur Otan" партиясы Фракциясының екінші отырысы өткізілді. Фракция отырысында партияның "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары-Жол картасы талқыланды. Партияның аудандық сайлауалды бағдарламасында дамудың жеті бағыт бойынша қамтылған шаралар "Жол картасының" іс-шаралар жоспарында әр жылдар бойынша нақты көрсеткіштер арқылы белгіленіп, көрсетілген. Жол картасындағы іс-шараларды жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп атқару мақсатында, сайлауалды міндеттемелердің орындалуына жүйелі түрде бақылауды қамтамасыз ету үшін фракция мүшелері әр бағыттар бойынша жауапты орындаушылар болып б…