Партиялық бақылаудың кезекті отырысы
04 ақпан күні аудандық филиалдың мәжіліс залында ZOOM платформасында Ш.Дүйсенғалиеваның төрағалығымен Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде аудандағы азық – түлік дүкендеріндегі бағалардың тұрақтылығын қадағалау және COVID – 19 вирусына қарсы екпе алуға дайындық мәселелері қаралды.
Бірінші мәселе бойынша аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Р.Усағалиев хабарлама жасады.
- «Азық – түлік дүкендердегі бағалардың тұрақтылығын қадағалау мақсатында мониторинг топ құрылып, "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту туралы" Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы №288 қаулысы бекітілген 19 атауы бойынша, апта сайын бақылау жүргізілуде» - деді өз сөзінде Р.Усағалиев.
Аудан халқын короновирус жұқпасының эпидемиологиялық ахуалы және COVID – 19 вирусына қарсы екпе алу дайындығы жөнінде аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Л.Муканованың хабарламасы тыңдалды.
- Сырым ауданы бойынша 2021 жылдың 01 қаңтарынан 04 ақпанына дейін барлығы 26 КВИ жұқпасы оның ішінде 20-симптомды, 6-симптомсыз түрі тіркелген.
Республика бойынша 2021 жылдын 01 ақпаннан бастап COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жұмыстары басталып кетті.
Л.Муканованың хабарламасы бойынша бүгінгі таңда вакцинациялау жұмыстарын жүргізуге аудандағы бекітілген медицина мамандары толықтай дайындау курсынан өткен. Орындар толықтай жабдықталған.
