Перейти к содержимому
syrym.nurotan.kz

Сырым аудандық филиалы

@syrym.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 22 қыркүйекКазахстан

"AMANAT" партиясы Сырым аудандық филиалының Facebook, Instagram парақшасына тіркеле кетіңіз!!! https://www.facebook.com/amanatsyrym/ https://www.instagram.com/amanat_syrym/?hl=ru

рейтинг

250

жазбалар

459

пікірлер

0

тіркелуші

12

жазылымдар

12

Есіктен-есікке

Ағай еліміздегі саяси оқиғалардан хабары барлығын аңғартты.

Серікбай замандасыммен сұхбаттастым, еңбекқор азамат еліміздің тұрақтылығы үшін дауыс беретінін айтты.

Жүздескен азаматтар отанымыздың бейбіт аспан астында әлеуметтік және экономикалық қуатының артуымен қатар мәдениетті әрі білімді ұрпағымыздың жарқын болашағы үшін сайлауға қатысатындарын жеткізді.

0
0
128

Есіктен-есікке

Апайым Жаһанша ағам екеуі ұл-қыздарынан немере-жиендерінің қызығын көріп отырған ұлағатты отбасы. Отанымыздың бейбіт аспан астында экономикалық қуатының арта беруі үшін сайлауға қатысатынын жеткізді.

0
0
123

Есіктен-есікке

Тыл ардагері 93 жастағы Кәрима анамыз өз еңбек жолын баяндап, ұсыныстарын айтып, батасын берді. Партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырдық. Кездесу барасында үлкен кісілеріміз "Nur Otan" партиясын қолдайтындығын және оныншы қаңтарда дауыс беретіндерін айтты.

0
0
157

Есіктен-есікке

Бүгін Болат Нұртілеу Жеңісұлының сенімді өкілі ретінде ардагер- спортшы Шуренов Еркін ағамның шаңырағында болып зейнетте болса да ағайдың үнемі саламатты өмір салтын ұстанып жастарға үлгі көрсетіп жүргеніне қанық болдым. Отанымыздың бейбіт аспан астында экономикалық қуатының арта беруі үшін сайлауға қатысатынын жеткізді.

0
0
121

Есіктен-есікке

"NurOtan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстыру мақсатында Тоғанас ауылының тұрғыны Қажмұрат Мадиярдің отбасына бардым. Жолдасы Гүлраушан Еркінқызы Жалпы білім беретін В.И.Шубин атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі. Жас маман. "Дипломмен ауылға" бағдарламасы арқылы тұрғын үй алды. Жергілікті бюджет есебінен көтерме ақы алды. Алдағы сайлауға қатысуға шақырып, "NurOtan" партиясына дауыс беруге шақырдым.

#Сайлау2021

0
0
101

Тікелей эфир өтті.

Бүгін, “Nur Otan" партиясы атынан үміткер ретінде штабта тікелей эфир өткіздім.

Тікелей эфир барысында жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, сайлау алды бағдарламамен таныстырдым.

Алдағы уақытта тағыда тікелей эфирлер өткізілетін болады.

0
0
178

Есіктен-есікке

Бар ғұмырын еңбектің ауыры, жеңілі деп талғамай үздіксіз тракторшы болсада, комбайн айдасада алдыңғы қатардан көрінгенін ел біледі. Ал жан жары Мұғазира Төлеуқызы отыз бес жыл ұстаз болған, қыз ұлдарын өсіріп, білім берген аяулы ана. Алдағы сайлаудың берері мол екенін көзқарақты жандар жақсы түсініп отыр. Сайлаудан қалып көрмегендерін, осы жолыдан дауыс беруге баратындарын айтып жатты. Аға буынның қолдау білдіріп қана қоймай сенім артып жатқандары да заңдылық, олай болса ел сенімін ақтап Отанымызға қызмет етуді нәсіп етсін. Тағыда мереке құтты болсын!

0
0
105

"Есіктен есікке"

Мен, "Nur Otan" партиясы атынан үміткер Уалиахметова Айнұр бүгін Жымпиты ауылының тұрғындары еңбек ардагерлерінің үйінде болып, "Есіктен есікке" акция барысында кездестім. Сапаргалиев Қайыржан ағамыз 40 жыл сауда саласын еңбек етіп, ауданымыздың дамуына өз үлесін қосса, ал Гүлбағида апамыз кітапхана саласының ардагері. Кездесу барысында зейнеткер ағамыз бен апамыз өздерінің ұсыныстарын айтты. Ауыл тұрғындары Қ. Айдарханова мен А. Калиеваның үйлерінде болып, әңгіме барысында қал-жағдайларын білдім, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырдым. Зейнеткерлер елдің тыныштығын тілеп, 10 қаңтар сайлауға міндетті түрде баратындарын жеткізді.

0
0
112