Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Есіктен есікке"

Мен, "Nur Otan" партиясы атынан үміткер Уалиахметова Айнұр бүгін Жымпиты ауылының тұрғындары еңбек ардагерлерінің үйінде болып, "Есіктен есікке" акция барысында кездестім. Сапаргалиев Қайыржан ағамыз 40 жыл сауда саласын еңбек етіп, ауданымыздың дамуына өз үлесін қосса, ал Гүлбағида апамыз кітапхана саласының ардагері. Кездесу барысында зейнеткер ағамыз бен апамыз өздерінің ұсыныстарын айтты. Ауыл тұрғындары Қ. Айдарханова мен А. Калиеваның үйлерінде болып, әңгіме барысында қал-жағдайларын білдім, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырдым. Зейнеткерлер елдің тыныштығын тілеп, 10 қаңтар сайлауға міндетті түрде баратындарын жеткізді.

0
0
113

Осы тақырып бойынша

"Есіктен есікке" - Yvision.kz