Перейти к содержимому
syrym.nurotan.kz

Сырым аудандық филиалы

@syrym.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 22 қыркүйекКазахстан

"AMANAT" партиясы Сырым аудандық филиалының Facebook, Instagram парақшасына тіркеле кетіңіз!!! https://www.facebook.com/amanatsyrym/ https://www.instagram.com/amanat_syrym/?hl=ru

рейтинг

250

жазбалар

459

пікірлер

0

тіркелуші

12

жазылымдар

12

Қоғамдық қабылдау өтті

"Nur Otan" партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Даргужиев онлайн жүйесінде қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдаудағы мәселелерге байланысты аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы А. Утекешов қатысып, сұрақтарға түсініктер берді. Қабылданушылар тарапынан болған кейбір сұрақтарға байланысты тиісті мекемелерге тапсырмалар берілді.

Ақпараттық түсіндіру тобы "Жетікөл" және "Шағырлой" бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті

3 желтоқсан күні "Nur Otan" партиясы Сырым аудандық филиалы жанындағы ақпараттық түсіндіру тобы "Жетікөл" және "Шағырлой" бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесіп, "Өңірлерді дамыту бағдарламасының" негізгі бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, аудан көлемінде бағдарламаның іске асырылуы жөнінде ақпараттар берді.

0
0
103

Бүгін - Мүгедектердің халықаралық күні.

Кез келген мемлекеттің құндылығы мен ізгілігі балалар мен қарттарға, мүгедектерге деген қарым-қатынасымен айқындалады. Мүгедектердің халықаралық күні -тумысынан өмірдің азабын тартқан жандарға тағы бір көз қырымызды салып, жанына жебеу болуға мүмкіндік жасайды.

0
0
293

Партия қатарына қабылдау өтті

1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай «Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалының мәжіліс залында партия қатарына жаңа мүшелерді салтанатты қабылдау шарасы өтті. Салтанатты жиында филиал төрағасының бірінші орынбасары Т.Даргужиев партиялық билеттерді табыс етті. Партияға жаңа мүшелікке қабылданғандардың атынан балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының үйірме жетекшісі, ауданымызды жас ақындарының бірі М.Жампозов партияластарды мерекемен құттықтап, өлең шумақтарын арнады. Шара барысында "Сырым" бастауыш партия ұйымының төрайымы К.Айташоваға аудандық филиал тарапынан зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты алғыс хат табыс етілді.

0
0
122

Мерекелік кездесу өтті

Бүгін «Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалының мәжіліс залында, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мұратұлы Даргужиев аудандағы білім, денсаулық, мәдениет саласының өкілдерімен және жастармен кездесу өткізді. Кездесу барысында 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай құттықтау сөз сөйленіп, Елбасының еңбек жолынан естеліктер айтылды. Кездесуге қатысушы аудандық С.Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің директоры, облыстық саяси кеңестің мүшесі А.Ойшыбаева барша партияластарды мерекемен құттықтап, Елбасының Егемен еліміздің болашағы үшін атқарған орасан зор еңбектеріне тоқталды. Сонымен қатар кездесуде «Сырым» бастауыш партия ұйымының төрайымы, денсаулық саласының ардагері К.Айташева, жас буынның атынан Ж.Альпеновалар партияластарды Тұңғыш Президент күніме…

0
0
128

"Қособа" бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесу өтті.

26 қараша күні "Nur Otan" партиясы Сырым аудандық филиалы жанындағы ақпараттық түсіндіру тобы "Қособа" бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесіп, "Өңірлерді дамыту бағдарламасының" негізгі бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, аудан көлемінде бағдарламаның іске асырылуы жөнінде ақпараттар берді.

0
0
130

Ауылшаруашылығына үлес қосып жүрген шаруа қожалықтары,бақташылар және механизаторлармен кездесу өтті

Бүгін 26 қараша күні "Nur Otan" партиясы Сырым аудандық филиалының мәжіліс залында ауданымыздың ауылшаруашылығының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген алдыңғы қатарлы шаруа қожалықтары, бақташылар және механизаторлармен кездесу өткізілді. Кездесуге аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Р.Усағалиев пен "Nur Оtan" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Даргужиев қатынасты. Кездесу барысында сала қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісіп, жұмыс барысында кездесетін түрлі мәселелерге тоқталып, алдағы жұмыс жоспарларын ортаға салып, ой бөлісті.

0
0
110

Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің кезектен тыс отырысы өтті.

Бүгін zoom платформасы арқылы аудандық қоғамдық ұйымдарының қатысуымен діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің кезектен тыс отырысы өтті. Кеңеске ішкі саясат бөлімінің басшысы Д. Тайшиев төрағалық етті. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша "Сырым деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ж. Ерсайынов, аудандық мешіттің бас имамы Ә. Наурызбай баяндама жасады. Кеңес соңында теолог, имамдарға нақты тапсырма беріліп, жиын қорытындыланды.

0
0
117