Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің кезектен тыс отырысы өтті.
Бүгін zoom платформасы арқылы аудандық қоғамдық ұйымдарының қатысуымен діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің кезектен тыс отырысы өтті. Кеңеске ішкі саясат бөлімінің басшысы Д. Тайшиев төрағалық етті. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша "Сырым деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ж. Ерсайынов, аудандық мешіттің бас имамы Ә. Наурызбай баяндама жасады. Кеңес соңында теолог, имамдарға нақты тапсырма беріліп, жиын қорытындыланды.
