Перейти к содержимому
talgar.nurotan.kz

Талгарский Филиал

@talgar.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 20 шілдеКазахстан, Талгар

Официальный филиал партии "Nur Otan" Талгарского района Алматинской области

рейтинг

250

жазбалар

16

пікірлер

0

тіркелуші

11

жазылу

1

16 ақпан күні Талғар аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракция жиналысы өтті

2021 жыл 16 ақпан күні Талғар аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракция жиналысы өтті.

Депутаттық фракция жиналысының күн тәртібінде 2 мәселе қарастырылды:

1. «Nur Otan» партиясы Талғар аудандық Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналаған «Жол картасын» талқылады;

2. Талғар аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракция мүшелерінің жеке жұмыс жоспарларын бекітті.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе - «Nur Otan» партиясы Талғар ауданының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған «Жол картасын» талқылау бойынша «Nur Otan» партиясы Талғар аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Күрішбеков Бақыт Қуатбекұлы сөз сөйлеп, «Жол картасының» бағыты бойынша толықтай түсініктеме берді.

0
0
185

Ел Президенті Агроөнеркәсіпті дамыту бойынша жаңа ұлттық бағдарламаны әзірлеуді тапсырды

- Агроөнеркәсіпті кешенді дамыту туралы мемлекеттік бағдарлама келесі жылы аяқталады. Үкімет пен бизнеске АӨК-ні дамытудың 5 жылдығына арналған жаңа ұлттық бағдарламаны әзірлеуді тапсырамын. Біздің басты міндетіміз – әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтамасыз ету, миллиондаған ауылдық тұрғынның жалақысын көтеру, еңбек өнімділігін 2,5 есеге көбейту және АӨК тауарының экспортын 2 есеге көтеру, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда.

0
0
201

Жыл соңына дейін өнеркәсіп саясаты туралы бірізді заң әзірленеді

- Қазақстанның алдында тұрған аса маңызды міндет – өнеркәсіптік әлеуетімізді толық пайдалану. Осы саладағы табыстарымызға қарамастан, ішкі нарықтың зор мүмкіндіктерін әлі де болса, толыққанды жүзеге асыра алмай келеміз. Өңделген тауарлардың 3/1-не жуығы шетелден әкелінеді. Ұлттық экономиканың стратегиялық қуатын арттыру үшін тез арада өңдеу ісінің жаңа салаларын дамыту қажет. Өнеркәсіпке қолдау көрсетудің нақты шараларын да жетілдіру керек. Бізде жүйелі әрі біртұтас ұстаным жоқ. Соның салдарынан сансыз көп жобаға қаражатты ысырап етіп отырмыз, - деді Президент дәстүрлі Жолдауында

0
0
147

Ұстаздардың жалақысы өседі. Бұл жайында ел Президенті дәстүрлі Жолдауында сөз етті.

- 2021 жылы қаңтар айынан бастап мұғалімдердің жалақысын 25 пайызға дейін өсіруді тапсырамын. Бұл мақсатта 1,2 трлн теңге бөлінді. Ұстаздардың жалақысы болашақта да көтеріліп отырады. 6 жасқа дейінгі балалар мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамтамасыз етіледі, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

0
0
138

Партияға артылған зор сенім

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады. Жолдауда көтерілген мәселелер қазіргі қоғамымыз үшін аса маңызға ие. Мәселен «2021 жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 700 мың салымшысы жинағының бөлімін үй алу, емделу үшін пайдалана алады немесе қаржы ұйымдарының басқаруына бере алады» - деген үкіметке артқан тапсырмасы қала кезіп, пәтерден пәтерге көшіп жүрген көп елге негізгі мәселесінің шешу жолы болады деп ойлаймын. Сонымен қатар мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік секторда бюджетке салмақ салып отырған қызметкерлердің санын тездетіп қысқарту керектігі жөніндегі міндеттеме айтылды. Осылайша бюджет қаржысын үнемдеуден бөлек, мемлекеттік қызметке деген бәсекелестікті күшейтіп,…

0
0
233

Құрметті Талғар ауданының тұрғындары!

Праймериздің мақсаты – Парламент мәжілісіндегі және мәслихаттағы тиімді депутаттық корпусты одан әрі қалыптастыру, партиялық желі бойынша ілгерілету, оларды мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыну үшін бәсекелестік күрес негізінде нақты және мықты көшбасшыларды анықтау.Праймериз кезінде партиялықтармен партия бағдарламаларында өз шешімін табатын өзекті, нақты жергілікті мәселелер анықталатын болады. Егер Сіз біздің ауданның тағдырына немқұрайлы болмасаңыз және Сіз оны жақсартқыңыз келсе – праймеризге қатысуға шақырамыз! Іріктеуге жасы 20-дан асқан, сотталмаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Праймеризге қатысуға тек партия мүшелері ғана емес, сонымен қатар, партиялық емес, бірақ «Nur Otan» партиясына мүше болғысы келетіндер де жіберіледі. Қалай қатысуға болады: 1 қа…

0
0
226

Қарқынды жұмыс, қызу дайындық

Елімізде тұңғыш рет өтейін деп отырған праймериз жобасы қарқынды жұмыс, қызу дайындықты талап ететіні анық. Осы орайда «Nur Otan» партиясы Талғар аудандық филиалы округтердегі бастауыш партия ұйымы төрағаларымен онлайн жиын өткізді. «ZOOM» қосымшасы арқылы іске асқан бұл отырыстың мақсаты праймериз төңірегіндегі өрбіген сан сауалға жауап беріп, ереже үлгісімен толыққанды таныстыру болатын. Бұрын-соңды болмаған аталған жобаның маңызы мен мәні баяндалған бұл конференцияға, ауданымызға қарасты БПҰ-ның барлық төрағаларымен қатар ұйымдастыру комитеті де толық құрамда қатысты. Праймеризді кезеңдері бойынша кезектесе сөз алған мамандарымыздың ұсынған ақпараты жиын мүшелерінің кәдесіне жарар деген сенімдеміз.

0
0
174

Құрметті жетісулықтар!

Партиямен байланыста болу үшін, сонымен қатар, партия праймеризі бойынша қойылатын сауалдарыңыз болса, "Nur Otan" партиясы Алматы облыстық филиалына немесе Өз аудан-қалаңызда орналасқан партия филиалына хабарлассаңыз болады.

0
0
192