Мазмұнға өту
urimtal

Асхат Еркімбай

@urimtal

Сайтта 2008 ж. 6 қазанКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

68

пікірлер

165

тіркелуші

76

жазылымдар

14

Мен таныған Қостанай

Мына жерде Гүлім өзінің әсерімен бөліскен екен. Мен де қарап отырмай жиған-тергендеріммен бөліссем деп отырмын.

Маған бәрінен бұрын қала орталығындағы Ахмет Байтұрсыновтың ескерткіші және көне мешіт ұнады.

Сапар барысында түсірген суреттерім мен ойларымды қосымша сілтемелерден де оқи аласыз.

0
3
471

Қуаныш ұзағынан болсын, yvision!

2008 жылдың күзінде алғаш рет yvision блогтұғырына тіркелгенде ғаламторда қызықты бір ресурстың пайда болғаны қуантып еді.

Бүгінгі Yvision-ның екі жылдық мерейтойына арнап жайылған дастарханға қатысқанда [орыс. тілінде] да сол ой санамнен кетпеді.

Таудың баурайына жиналдық [сілтемеден қатысушылардың тізімін көруге болады].

Табиғатқа шықпағалы көп болып еді.

Бір-бірімізді жөнді танымасақ та, тез тіл табыстық. Өмірімде алғаш рет мафия ойнап, бірден мафия атандым. Одан қалды танымал адамдардың есімін маңдайымызға жабыстырып, өзіміздің кім екенімізді анықтадық.  Өте бір ақкөңіл жандар жиналды. Әрі қарай көп созбайын. Күннің қалай өткенін бейнеүзіктен көре аласың.

Қуаныш ұзағынан болсын, yvison!!!

#1 Қазақ блогтарындағы ұлттық тақырыптар

Қазақ тіліндегі блогтарда соңғы кезде ұлттық мәселеге қатысы бар жазбаларды жиі көретін болдым. Солардың кейбіріне шолу жасап шықсам деймін. Айнаш Есали блогындағы "Мемлекетте бір ғана ту болуы керек" деген жазбасында: "“Егемен Қазақстан” газетінде “ТУДЫ КӨБЕЙТІП, ЖАМАН НЫШАН ШАҚЫРМАЙЫҚ” деген мақала жарық көрді. Арнаулы Парламент бетінде. Бірақ, мәселе тиіп-қашып, жұмсартылып көтерілген. Ол да дұрыс. Мұндай мәселелерді аттандап шешудің де қажет жоқ болар?!" депті. Әңгіме қоғамдық орындарында ел азаматтары Қазақстанның емес, өзге тудың желбіретуінде болып отыр. Бұл жайтқа Zhasakaz блогының авторы да назар аударған: "Қытай Республикасына жақын тұратын Құлжат, Тасқарасу елді-мекендерінде өзіміздің ұйғыр бауырларымыздың Қазақстанның рәміздеріне қатысы жоқ туды желбіретуін қалай түсінуге бола…

0
0
1122

Қой қырқу

Үш күн демалысқа досымның ауылына барып едік. Көктемгі кезеңде ауылда жұмыс қаптап кетеді емес пе? Мал төлдейді, егін егу керек, т.с.с. Барсам, інішек қой қырыққалы жатыр екен. Содан өткенде Ержандардың тренингінде үйреткен жайттарды сынап көрейін деп, қолыма Flip камерамды алып едім.

 

0
3
1790

Үнхабар BarcampCA10: екінші күн

Баркэмптің екінші күні презентация жасаумен жалғасты. Қазақ блогшылары ерлеп, бірнеше презентация жасады. Соңыннан осындай үнхабар жасадық. Монтаждап, әзірлеген Мақпалға үлкен рахмет!
P.S. Асығыстау жасалғандығын ескерте кеткім келеді.

0
2
554

KIMEP: қазақ блогшылары Баркэмптің бірінші күні

Баркэмптің бірінші күні қазақ блогшылары жүздескен едік. Сол жерде жазылған үнхабарды назарларыңызға ұсынамыз. Үнхабарды әзірлеуде жәрдемдескен Мақпалға үлкен алғыс білдіремін. Ертең қазақ блогшылары презентацияларын жасамақ. Кешке бейресми ашылу болады.

0
0
455

Barcamp Central Asia'10 қатысушыларына!

BarCamp Central Asia 2010: жолақы грантына өтініш беру басталды! BarCampCA’10 өтетін күн де алыс емес! Аталған шараға қатысқысы келетін жастардың көп болары сөзсіз. Осы орайда қуанышты хабармен бөліскіміз келеді. Сорос-Қазақстан Қоры еліміздің түкпір-түкпірінен келетін қатысушылардың жолақысы шығынын көтеру үшін арнайы гранттар бөліп отыр. Сонымен егер BarCamp Central Asia 2010-ға қатысымен десеңіз, әрі Алматы қаласынан (облысынан) тысқары жерде тұрсаңыз жол шығынын өтейтін грантқа өтініш бере аласыз. Грант саны шектеулі екенін ұмытпаңыз. Былтырғыдай бізге Сорос-Қазақстан қоры демеу көрсетіп, 2010 жылдың 16-18 сәуір айында Алматыда өтетін [бей]конференцияға қатысқан қазақстандықтардың келуіне және тұруына кететін шығындарды өтейді. Грант пойызбен әлдебір қаладан Алматыға дейінгі және…

0
0
449

Астанаға 164 мың долларға сырттан гүл әкелінді

Келе жатқан мейрам құтты болсы, аяулы арулар!

Кезекті хабарымызда

  • мейрам қарсаңында Астанаға шетелден 14 тонна гүл әкелінгенін,
  • үкіметтің өзі ислам құнды қағаздарын шығарып, жол көрсетпек ниетте екеніне
  • және студенттердің ауруларына жатақханадағы жағдай мен дұрыс тамақтанбау себеп болып жатқанын хабарлаймын.

Алдағы демалыс сәтті өтсін!

0
0
3646

Қалтафондар қашан қазақшаланады!

"Vox news" экономикалық радио жаңалықтардың кезекті қысқа нұсқасын ұсынып отырмын. Бұл үнхабарда елімізге заңды жолмен келетін қалтафондардың қашаннан бастап қазақ қаріптерін қолдайтыны айтылады. Тезірек келсе екен деп тілеп жүрмін. Сол кезде біреуін қолға түсіріп, қалтафон арқылы да интернетке сауатты жазбалар жазу мүмкіндігі туар еді. :)

0
0
525

Vox News: Қазақтың жері жайлы Қытай басшысы Астанада ләм-мим демеді

"Vox news" қазақ тіліндегі экономикалық жаңалықтардың бүгінгі хабарын назарларыңызға ұсынамын.
• Астанаға Қытай басшысы келді. Алайда ауылшаруашылығы мақсаты үшін Қазақтың 1 млн. гектар жерін Қытай инвесторларына жалға беру мәселесі талқыланған жоқ.
• Қытай үкіметі Қытайда оқитын қазақстандық студенттер санын 100-ден 200-ге дейін көбейту туралы шешім қабылдады
• БТА банкті қайта құрылымдау жоспары ұлыстың ұлы күніне дейін мақұлданбақ.
• Алматының халықаралық әуежай территориясында жаңа отель ашылмақ.
• Қытайдың Эксимбанкі еліміздегі ірі инвестжобаларды қаржыландырмақшы.

0
0
678