Vox News: Қазақтың жері жайлы Қытай басшысы Астанада ләм-мим демеді
"Vox news" қазақ тіліндегі экономикалық жаңалықтардың бүгінгі хабарын назарларыңызға ұсынамын.
• Астанаға Қытай басшысы келді. Алайда ауылшаруашылығы мақсаты үшін Қазақтың 1 млн. гектар жерін Қытай инвесторларына жалға беру мәселесі талқыланған жоқ.
• Қытай үкіметі Қытайда оқитын қазақстандық студенттер санын 100-ден 200-ге дейін көбейту туралы шешім қабылдады
• БТА банкті қайта құрылымдау жоспары ұлыстың ұлы күніне дейін мақұлданбақ.
• Алматының халықаралық әуежай территориясында жаңа отель ашылмақ.
• Қытайдың Эксимбанкі еліміздегі ірі инвестжобаларды қаржыландырмақшы.
