Мазмұнға өту
userfacebook2497917000461409

Нұр Астана Мешіті

@userfacebook2497917000461409

Сайтта 2020 ж. 4 ақпан

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

8

пікірлер

0

тіркелуші

0

жазылу

1

Құран аяттарымен емдеу

Алла Тағала күллі адамзатты: «Ей, адамдар! Тәңірлеріңнен сендерге насихат, жүректеріңдегі дерттеріңе дауа, мұсылмандарға тура жол және жарылқау ретінде Құран келді» («Юнус» сүресі, 57-аят.), «Біз Құраннан имандылар үшін шипа және мейірім түсіреміз» («Исра» сүресі, 82-аят.), – деп сүйіншілейді. Жүрек Құранмен тазарады, тыныштық табады, көркем мінез-құлыққа бастайды. Кейбір адамдар тәкәппарлық, қызғаныш, күншілдік, қанағатсыздық, құмарлық, екіжүзділік, күйзеліс секілді жүрек ауруларына шалдығып, емделу шараларын қарастырып, психологтардың есігін қағып жатады. Асылында, мұндай науқастың дәрігерлері – Пайғамбар (с.ғ.с.) мен ізгі ғалымдардың жолын ұстанушылар екенін ұмытпайық. Алланың сөзі Құран – дәрі-дәрмек секілді. Дәріні уақытынан кешіктірмеу әрі дәрігерлер бұйырғандай етіп қабылдаудан дер…

0
0
2599

Мемлекет басшысы Әзірет-Сұлтан мешітіне барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірет-Сұлтан мешітіне барып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңадан сайланған бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті. Қазақстан Президенті бас мүфтиді жаңа лауазымымен құттықтап, алдағы қызметіне табыс тіледі, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі. Кездесу барысында елдегі татулық пен тұрақтылықты сақтау, дін арқылы азаматтарды келісім мен ынтымаққа шақыру, рухани бағдар беру қажеттілігі мен жат діни ағымдардың зиянды әрекеттері жайында айтылды. – Халықты татулыққа, бірлікке, пәтуаға шақыру керек. Қазіргі уақытта дүние жүзінде әртүрлі жат үдерістер пайда болып жатыр. Сондықтан бұған тыйым салып, жол бермеуге тиіспіз. Ел мүддесіне қызмет етіп, осы бағытта дұрыс үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу қажет, – деді Қасым-Жо…

0
0
317

Пара алу – ауыр күнә

Бұл лауазымды тұлғаның басқа бір тұлғадан лауазымына қатысты көрсететін қандай да бір қызмет түріне берілетін ақша немесе өзге игіліктерді алуы. Бұл жағдайда көрсетілген ақша мен игіліктерді әрдайым парақордың жеке өзі алмайды, оларды көбіне оның жақын адамдарына немесе жасанды жалған ұйымдарға ұсынады. Пара деп саналатын нәрселер: ақша, оның ішінде валюта, банк түбіртектері мен құнды қағаздар, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдар, автокөліктер, пәтерлер, саяжайлар мен қала сыртындағы үйлер, тұрмыстық техника мен аспаптар, өзге тауарлар, жер учаскелері және өзге жылжымайтын мүлік т.б. саналады. Ислам шариғатында жемқорлықтың үкімі харам. Яғни, үзілді-кесілді тыйым салынған үлкен күнәлар қатарына жатады. Бұл жөнінде Қасиетті Құран Кәрімде: «Олар өтірікке құлақ салушы, арам…

0
0
391

Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет

Қазақта сұлтан, батырлармен қатар барлық жасы үлкен, қартайған ер азаматтардың бәрі, кім екеніне, қандай тектен шыққанына қарамай, ерекше сый-құрметке бөленген.Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар (с.ғ.с.): «Кіші үлкенге сәлем беру керек»,-деген. (Бұхари) Пайғамбар (с.ғ.с.) үмбетіне айтқан өсиеттерінде үлкендерді сыйлап, жастарға мейірімді болуды тапсырған. Ибн Аббастан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар (с.ғ.с.): «Кішілерімізге мейірімді болмаған, үлкендерімізге құрмет көрсетпеген адам бізден емес»,-дейді.Әр жастағы адамдар тобына байланысты ереже мынадай: жасы үлкенге сөзсіз бағыну, ізет, құрмет көрсету. Мұның өзі алдыңғы буын ағалардың жастар алдындағы жауапкершілігін, қамқорлығын қамтамасыз етеді. Үлкендер мен кішілердің арасындағы қарым-қатынастың қыр-сыры тек жастар мен ере…

0
0
1356

Наурызбай қажы Тағанұлы Бас мүфти болып сайланды

Құрылтайға жиналған 300 делегат Серікбай қажы Ораздың ұсынған кандидатурасына бірауыздан дауыс беріп, қолдау көрсетіп, Наурызбай қажы Тағанұлын Бас мүфтилікке сайлады. «Наурызбай қажы Тағанұлы менің бірінші орынбасарым ретінде көптеген игі жобаларды жүзеге асырды. Діни салада тәжірибесі мол. Наурызбай қажы Тағанұлының Діни басқарма жұмысын жандандырып, жаңа бастамаларға ұйытқы болатынына сенемін», – деп атап өтті. Құрылтайға қатысқан ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Серікбай қажы Ораздың 2017-2020 жылдары атқарған жұмысына оң баға беріп, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жаңа қызметіне сәттілік тіледі. Сонымен қатар, діни саладағы ортақ шараларды бірлесе жүзеге асыруға ниеттестік білдірді. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы журналистерге…

0
0
572

Ажырасу – балаларды бақыттан айыру

Дәстүрімізде де, дінімізде де отбасын құруға аса үлкен жауапкершілікпен қарап, адам бойындағы асыл қасиеттердің қалыптасуына алғаш қадам жасаушы баспалдақ деп түсінген. Бүгінде үлкен өкінішке орай, түрлі себеппен шаңырағы ортасына түсіп, ажырасып жатқан отбасын көру үйреншікті жағдайға айналды. Ажырасудың факторлары әр түрлі болғанымен, ажырасуға шешім қабылдаған ерлі-зайыптылардың екеуіне де оңай тимесі анық. Өйткені әрбір отбасының жазылмаған қағидасы болады. Ажырасумен бірге барлық нәрсе күйрейді. Алайда ең көп қасірет шегетін – балалары. Отбасындағы ыдыс-аяқтың сылдырлауы, жиі-жиі белең алатын ұрыс-керістер, баласының көзінше шешесін әкесінің былапыт сөздермен балағаттауы, тіпті қол көтеруі нәтижесінде балада үнемі қорқақтық пен үркектік пайда болады. Өмірі бір бітпейтін ырың-жырың ки…

0
0
540

Тамшыдан үлгі алған шәкірт

Қатты намыстанған шəкірт «менен түк шықпайды» деп ешкімге айтпастан медреседен қашып кетеді. Жол бойы тоқтамай жүріп, шаршап-шалдығап келе жатқан бала үңгірге кезігеді. Ол осы жерде сəл аялдап, демалмақшы болады. Қоңыр салқын үңгірдің ішінде жантая қалып, көзін жұмғаны сол еді, алыстан еміс-еміс тамып тұрған судың дауысын естиді. Қызығушылығы бойын жеңген жас бала үңгірді аралап, бір бұрыштан тамшылап тұрған суды көреді. Бір қызығы тамшының түскен жеріндегі тас кəдімгідей ойылып қалған екен. Кішкене ғана тамшының тастың үстіне асықпай барып құлағанын тамашалап тұрған шəкірт аң-таң болады. Қалайша тамшы тасты ойып тастаған? Бұл іске қарап отырып жас бала тынымсыз, тұрақты еңбектенсе өзінің де тасты ойған тамшыдайын түбінде нəтижеге қол жеткізетініне сенімі артады. Кейіннен осы шəкірт үлкен…

1
0
582

Алланың разылығына қол жеткізем десеңіз

Тек қана ислам дінінде Алла өзіне құлшылық жасап бойұсынғаннан кейінгі жақсылық ата-анаңа жасаған қамқорлығың деп көрсеткен. Оған дәлел Алла тағала Құран Кәрімде: «Раббың өзіне ғана ғибадат етулеріңді, ата-анаңа жақсылық қылуға әмір етті.» («Исра» сүресі, 23-аят). Біле білген адам үшін ата-ана таптырмас қазына, қоса айтқанда оның басында тұрған үлкен тәжі. Кімде-кімнің ата-анасы көз алдында қартайса, ол өзінің басындағы тәжін көре алмайтыны анық. Ал қашан әкесі немесе анасы мәңгілік өмірге дүние салса, сонда ғана ол бір тәжінен айырылғанын сезінеді. Сондықтан да ата-анасы барлар Аллаға сансыз шүкірлер айтып, сол ата-анасына қамқор болуға, жақсылық жасауға асығу керек. Алла Тағала Құранда былай деп бұйырады: «Маған және әке-шешеңе шүкірлік ет! Қайта оралар жер менің құзырым» («Лұқман» сүре…

0
0
799