Сізді ертеңгі күнді жақсы өткізуге дайындайтын 6 кешкі әдет
Сіздің күніңіз қалағандай емес, көңілсіз өтті. Бәрі бітті деп, күнді бітірмей-ақ қойыңыз, өйткені сізде әлі кешкі уақытыңыз бар. Қалған уақытыңызды пайдалы өткізіңіз. Бұл блогтағы пайдалы кеңестер сізге демалып, стресстен арылуға және келесі күнді жақсы көңіл-күймен бастауыңызға көмекші болады. 1. Әлеуметтік желілерден және телефоннан бірнеше сағатқа аулақ болыңызҮрейлі әлем әрдайым қоңыраулармен, электрондық хаттармен немесе хабарламалармен бізге шабуыл жасайды. Кешке үйге келген соң, біз әрі қарай жұмыс, политика, әлемде болып жатқан жайлар және тағы да басқа жайлар туралы ойлап, қобалжып жүреміз. Соған қоса біздің іс-әрекеттеріміз де сол жайларға байланысты болады. Сонымен қатар, кешкі уақыт – демалу, отбасымен сөйлесу, өткен күнді қорытындылау және келесі күнді жоспарлау үшін керемет…