Мазмұнға өту
usergoogle106130794574359253877

Gold Press

@usergoogle106130794574359253877

Сайтта 2022 ж. 15 наурыз

Блог в котором не молчат. Самые актуальные темы Казахстана.

рейтинг

250

жазбалар

670

пікірлер

5

тіркелуші

9

жазылымдар

0

Бақытгүл Хаменоваға қатысты алғашқы сот отырысы шегерілді

Бұған дейін облыстық соттың баспасөз қызметі өкілі қылмыстық іс Атырау қалалық № 2 сотына түскенін айтқан еді. Алғашқы сот отырысы 14 маусымға белгіленген болатын.

«Істі қарайтын судья өзге қылмыстық іс бойынша кеңесу бөлмесіне кетуіне байланысты, басқа күнге ауыстырылды», - деді соттың баспасөз қызметі өкілі.

Айта кетейік, экс-шенеунік «пара алды» деген күдікке ілініп, тергеу абақтысына қамалған еді. Бақытгүл Хаменовамен бірге Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Акылбек Рысқалиев та қамауда отыр.

0
0
284

Екібастұзда жеңіл көлік екі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Облыстық Полиция департаменті мәліметінше, оқиға 14 маусымда сағат 22:55-те Екібастұздағы Мәшһүр Жүсіп көшесінде болған. Volkswagen Passat көлігін мінген 30 жастағы жүргізуші басты жолға шығып бара жатып, жол бемей Toyota Crown көлігімен соқтығысқан.

Соққыдан Toyota жаяу жүргіншілер жолына шығып кетіп, екі адамды қағып кеткен.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 54 жастағы әйел жедел жәрдем көлігінде қаза болды. 34 жастағы жаяу жүргінші дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Тергеу жүргізіліп жатыр», - деді ПД өкілдері.

Көліктер мамандандырылған айып тұрағына қойылған.

0
0
280

Алматы облысында бұзақылар іздестіріліп жатыр

Желіде тұрғын үй ауласында белгісіз біреулердің ер адамға шабуыл жасағаны түсірілген видео тарады. Полиция мәліметінше, бес адам жарақат алған. Оқиға Алматы облысының Бесағаш ауылында болған.

Оқиға 13 маусымға қараған түні Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы тұрғын үй кешені маңында болған. Дерекке қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша тергеу басталды. Іс материалдарына сәйкес, жәбірленуші бес жергілікті тұрғын бар, олардың екеуі түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері видеоны тексеріп, куәгерлерден жауап алып жатыр.

Зардап шеккендердің өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ, оларға қажетті көмек көрсетілгені айтылды.

Полиция екі күдікті ұсталғанын хабарлады. Қалғандарына іздеу жарияланған.

Фото ашық дерек көздерінен алынған

0
0
196

Қостанайда ер адам жалаңаш көше кезіп жүрген

Қостанайда таңертең Чкалов көшесінде жалаңаш жүрген ер адамның видеосын "НГ" редакциясына оқырмандары жіберген. Ер адам жолдың ортасына шығып алып, қозғалып бара жатқан көліктерге шабуыл жасаған.

Мас ер адам жалаңаш көше кезіп жүрген. Полиция оның кім екенін анықтап, әкімшілік жауапқа тартты, - деп хабарлайды.

Фото ашық дерек көздерінен алынған

0
1
271

Бір жыл бойы зорлап келген: Қызылордада жантүршігерлік оқиға мәлім болды

Құқық қорғаушы Дина Таңсәрінің айтуынша, «НеМолчиKz» қорына хабарласқан ер адам екінші сыныпқа енді ғана қадам басқан туысын 12-14 жас аралығындағы бір топ жеткіншек бір жыл бойы зорлап келгенін айтқан.«Анасы бұл сұмдық оқиға туралы кездейсоқ білген. Ол үлкен ұлы (жәбірленуші, 8 жаста) інісін (кішісі 6 жаста) жыныстық әрекеттерге мәжбүрлегенін естіп қалған. Анасы бірден бұл туралы қайдан білгенін, оны кім үйреткенін сұраған. Бала жылап, бәрін айтып берген. Бәрі биыл 6 мамырда белгілі болған. Бала ойнауға шыққанда, оны жоғары сынып оқушылары ескі ғимаратқа апарып, сол жерде әдепсіз әрекеттер жасауға мәжбүрлеген. Олар басқа мектептің балалары. Жәбірленуші бала бәрінің аты-жөні мен қайда тұратынын біледі», - дейді белсенді.Осыдан кейін жәбірленушінің ата-анасы балалардың үйіне барған. Оларды…

0
0
290

Павлодарда өзенді жүзіп өтпек болған мұғалім суға батып кетті

«Усолка өзенінде Торайғыров университеті жоғары колледжінің ұстазы суға батып кетті. Ол колледж оқушыларын өзенге апарған. Өзінің суда жақсы жүзетінін көрсетпек болған. Өзенді жүзіп өтем деп күші жетпей қалған», - деді Олег Трещев.

Спикердің айтуынша, марқұм ұстаз колледждің 1-2 курс студенттеріне далалық-әскери жиын өткізіп жүрген.

«Ол жиын тек колледждің аумағында өту керек болған. Алайда, ұстаз өзі бастама тастап, өзенге барған. Марқұм 23-24 жастағы жас ұстаз еді», - деді Олег Трещев.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

0
0
273

Алматы облысында автобус пен жеңіл көлік соқтығысты: жүргізуші қаза тапты

Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жеңіл көлік жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, автобуспен соқтығысқан. 34 жастағы Hyundai Getz жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.

Жол апаты салдарынан тасжолда үлкен кептеліс пайда болған.

«Қажет сараптамалар тағайындалды. ЖКО дерегі бойынша тергеу «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы немесе көлік құралдарын пайдалануы» бабы бойынша жүргізіледі. Басқа зардап шеккендер жоқ», - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

0
0
324

Ақтөбеде «Гарант 24 Ломбард» пирамидасына қатысты айыпталушылар үйқамаққа алынды

Ақтөбеде былтыр маусымда «Гарант 24 Ломбард», «Выгодный займ» және басқа да қаржы пирамидаларының айыпталушыларына қатысты сот басталған еді», - деп хабарлайды «Диапазон».Басылым мәліметінше, қылмыстық істе 3786 том бар. Соттан барлығы 17 мың 268 жәбірленушіден жауап алуы керек. Сотталушылар саны - 48 адам, олардың 31-іне бұлтартпау шарасы тағайындалған. Бірақ ҚІЖК нормалары бойынша, сот бұл бұлтартпау шарасын бір жылдан аса уақытқа ұзарта алмайды.Ақтөбе облыстық сотының мәліметінше, 9 маусымда сот 31 айыпталушыға қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасын үйқамаққа алуға өзгерту туралы қаулы қабылдады. Басқа облыстардан келген айыпталушылар үйіне бара алмайды. Олар сотқа қатысуы үшін Ақтөбеде үйқамақта болады. Уақытша баспананы үкімге дейін Ақтөбе облысының әкімдігі қамтамасыз етуі тиіс.Еске…

0
0
291

«Стелс-омикрон» штамы Қазақстанның 12 өңірінде анықталды

Барлық өңірде BA.1 «омикрон» штамы - 98,6 пайыз, оның ішінде 12 өңірде BA.2 «Стелс-омикрон» - 36,7 пайыз, B.1.617-Delta - 1,4 пайыз анықталды.

«ПТР скринингінің нәтижелерін растау үшін толық геномды секвенирлеу жүргізілді. Жүргізілген толық геномды секвенирлеу нәтижесі бойынша BA.2 "Стелс-омикрон" штамының - 93,8 пайыз (Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары), BA.1 "Омикрон" штамының - 6,2 пайыз (Атырау, Қызылорда, Қарағанды облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары) айналымы анықталды», - делінген хабарламада.

Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына қарамастан, министрлік коронавирус инфекциясына қарсы уақтылы вакцинациядан, ревакцинациядан өтуге кеңес береді.

0
0
237

Ақтауда кәрізден шала туған бала өлі табылды

Бүгін сағат 11:51-де 102 кезекші пультіне 32 шағын ауданда кәрізден сәби табылғаны туралы ақпарат келіп түскен. Шала туған балаға шамамен 3-4 ай болған.

«Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл факті ҚР ҚК 001-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді», - деп хабарлады Маңғыстау облысының полиция департаменті.

0
1
354