Мазмұнға өту
usergoogle106130794574359253877

Gold Press

@usergoogle106130794574359253877

Сайтта 2022 ж. 15 наурыз

Блог в котором не молчат. Самые актуальные темы Казахстана.

рейтинг

250

жазбалар

670

пікірлер

5

тіркелуші

9

жазылымдар

0

Жыры бітпеген LRT үшін мен жауап бермеймін - Алтай Көлгінов

LRT менің құзыретімдегі шаруа емес. Қазір ол сұраққа жауап бермеймін. Бұл — әкімдіктің мәселесі. Әкімдікте жұмыс істеген кезде LRT туралы бірнеше рет пікір білдіргенмін. 2022 жылдың қорытындысы бойынша біз өлі нүктеден қозғалдық,

— дейді Алтай Көлгінов.

Оның айтуынша, бұл мәселе бойынша 50 миллирд теңге бөлініп, жұмыс басталып кеткен.

Мұнда ең бастысы, бөлінген қаражат бақылауға алынды. Қытай консорциумына қарыз болды. Олардың бір бөлігі жабылды. Жылжымалы құрам үшін тағы да төлем жасалды, жұмыс жүріп жатыр. Бұл жобаны аяқтау керек,

— дейді вице-премьер.

0
0
419

Алматыда ауадағы азот диоксидінің деңгейі нормадан 2,6 есеге артады

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел екпіні 5 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 7-9 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 0-2 градусқа дейін көтеріледі. 30 қаңтарда, 31 қаңтарға қараған түні метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы, қалада ауаның ластану деңгейі жоғарылайды деп күтіледі. Ауадағы артық азот диоксиді 2,6 есе, PM2,5 бөлшектері - 3,3 есе болады.

PM2,5 - бұл құрамына қатты микробөлшектер де, ұсақ сұйық тамшылар да кіретін ауаны ластаушы зат. Ірі бөлшектерден айырмашылығы, олар биологиялық кедергілерді жеңе отырып, денеге енеді, сондықтан адам денсаулығына қауіп төндіреді.

Сонымен қатар, үш қалада – Қостанай, Қарағанды ​​және Ақтөбеде ауаның ластану деңгейі жоғарылайды деп күтіледі.

0
0
363

Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын емес - ТЖМ басшысы

"Бүгінде су тасқыны жағдайына толық дайындық туралы айту мүмкін емес.(...) 255 елді мекенді су басу қаупі төніп тұр, бұл - 127 мыңнан аса үй мен 700 мыңнан аса азамат. Былтырғы су тасқыны кезеңін талдау нәтижелері бойынша, су тасқынының негізгі себептері - өзен арналарының балдырлануы мен лайлануы, арық жүйелердің болмауы, су қорғау аймақтарында тұрғын үйлердің салынуы", - деді Юрий Ильин Үкімет отырысында.Министрдің айтуынша, тәуекел деңгейі жоғары өңірлер қатарына Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары мен Абай, Жетісу облыстары кіреді.Ұлытау және Павлодар облыстарында тәуекел деңгейі орташа.Төтенше жағдайлар министрлігі басшысының айтуынша, кейбір өңірлерде су тасқынына қарсы іс-шараларды ж…

0
0
343

Саясат Нұрбек бес жылда ғалымдар санын 34 мыңға дейін жеткізбек

Бұл туралы Үкімет отырысында мәлім етті.Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда ғалымдар мен зерттеушілердің саны 21,6 мың адамды құрайды (2020 ж. – 22 665, 2019 ж. – 21 843). Оның 7 525-і жас ғалымдар, бұл жалпы ғалымдардың 35%-ын құрайды.Сонымен бірге ведомство басшысы ғылыми мақалалар санын да көбейтуді көздейді.Ғылыми экожүйенің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ҒЗИ санын 15-ке арттыру, индекстелетін журналдардағы жарияланымдарды 150%-ға өсіру және 2025 жылы жабдықтарды 30%-ға жаңарту арқылы ҒЗИ сапасын арттыру міндеті тұр."Сондай-ақ 2025 жылы қазақстандық ғалымдардың Халықаралық ғылыми журналдарындағы мақалалардың жалпы саны бойынша InСites елдік рейтингінде 65-орынға және "ҒЗИ сапасы" көрсеткіші бойынша ДЭФ ЖБИ рейтингінде 65-орынға қол жеткізу жоспарланған", – дейді Саясат Нұрб…

0
0
762

Алматыда интимдік қызмет көрсеткен тағы бір жезөкшелер үйі анықталды

Полицейлер қызметкерлер массаждан бөлек, жыныстық қатынас қызметін де көрсеткенін айтады.Мекеменің әкімшісі мен салонда жұмыс істейтін жеті қыз оқиға орнында ұсталды.

«Сол түні өздерін сауықтыру массажы салондары ретінде көрсеткен тағы екі нысан анықталды. ҚР ӘҚбК-нің 450-бабында көзделген құқық бұзушылық белгілері бойынша жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жай берген мекеме иелеріне қатысты әкімшілік іс қозғалды. Сонымен қатар, 15 жеңіл жүрісті әйелге де әкімшілік шара қолданылды. Олардың көпшілігінің Алматыда тіркеуі жоқ. Жеткізілгендердің жеке басы қандай да бір қылмыс пен құқық бұзушылыққа қатысы бар-жоғына тексерілді», - деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Фото алынды tengrinews.kz

0
0
273

Алматы облысындағы асыранды балаларды ұрып-соғу оқиғасы: жаңа деректер айтылды

Алматы облысы прокуратурасының хмәліметінше, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия отырысында балалардың мүдделері мен пікірлері ескеріліп, оларды қамқоршысына қалдыру туралы шешім қабылданған.

«Қазіргі таңда ішкі істер органдары Іле аудандық ІІБ-на тіркелген материал аясында әкімшілік шара қолданып, тиісті құқықтық баға берілді. Облыс прокуратурасы облыс бойынша осыған ұқсас деректерді анықтау бойынша талдау жүргізіп, тиісті шаралар қабылдады», - делінген хабарламада.

0
0
327

Ақтөбеде сот ғимаратына «мина қойылды» деген ақпарат түсті

«24 тамыз таңғы уақытта Қарғалы аудандық сотының электронды мекенжайына ғимаратқа жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Дәл осындай хабарлама Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына, Ақтөбе қаласының сотына, Ақтөбе қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотына және қаланың мамандандырылған әкімшілік сотына да келіп түскен», - делінген хабарламада.

Полиция департаменті жасырын хабарламаның авторын анықтауға және ұстауға бағытталған жедел шараларды жүргізіп жатыр.

0
0
215

Кәріз құдығынан сәбиді құтқарған жасөспірім марапатталды

Жасөспірімді қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы Әбдібек Жаназаров қабылдап, құрмет грамотасы мен қол сағатын салтанатты түрде табыс етті.

«Біз көрсеткен батылдығың үшін алғысымызды білдіреміз. Сен нағыз батырсың!» - деді Жаназаров.

Еске салайық, 19 тамызда Қызылордада төрт метрлік кәріз құдығына түсіп кеткен екі жасар баланы кездейсоқ өтіп бара жатқан жасөспірім құтқарып қалды.

Арман Қызылордаға М.Ихсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжіне түсу үшін келген. Таңдаған мамандығы - электрик. Ол көпбалалы отбасынан шыққан жігіт.

Фото алынды tengrinews.kz

0
0
192

Алматыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған бір топ адам сотталды

«4 ойын мекемесі мен 14 ойын нүктесі жойылды. 48 ойын терминалы мен 32 компьютерлік техника тәркіленді. Қылмыскерлер 15 миллион теңгеден аса сомаға табыс тапқан», - делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, сот үкімімен бес айыпталушы 2 жылдан 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылған.

0
0
240

Алматыда Ұлттық ұланның 21 жастағы әскери қызметшісі қаза болды

Биыл 22 тамызда сағат 15:15 шамасында Алматы қаласы 3650 әскери бөлімінің келісімшарт қызметінің әскери қызметшісі Сабыров Абылай Берікұлы қызметтік міндетін атқару кезінде өзіне бекітілген Макаров тапаншасынан оқ жарақатын алған. Әскери қызметші алған жарақатының салдарынан қаза болды.

Құқық қорғау органдары тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қызметтік тергеу тағайындалды.

«Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығы мен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметші Абылай Сабыровтың туыстары мен жақындарына көңіл айтады», - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Фото алынды total.kz

0
0
280