Ата-ананың отбасындағы парызы қандай?
Отбасында берген тәрбиенің негізгі көзі – балаға туыстық қатынастардың жүйесін, ұлт ішіндегі әлеуметтік рөлдердің мәнін түсіндіру, шежіресін таныту. Ол үшін әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің негізінде алынатын нормалар жүйесі қолданылады. Туыстық байланыстардың беріктігі: ата-ананы сыйлау парызы, қартайған ата-аналардың балаларымен бірге тұруы, кенже немесе жалғыз ұлдың ата-ана алдындағы жауапкершілігі, туыс отбасыларының өзара көмегі және жесірлердің балаларын туыстардың өз қамқорлығына алуы сияқты әдет-ғұрыптар қазақ отбасыларының жазылмаған заңдары бола отырып, балалар мен жастарды тәрбиелеуге жағымды ықпал жасағаны даусыз. Ата-анасы парасатты болып, балаларына өздерінің шыққан тегі, руы, ел-жұрты туралы әңгімелеп, ағайын-туыстар арасындағы қатынасты, жекжат-жұрағатқа сыйластық таныту салт…