Мазмұнға өту
usergoogle114665564545802639179

Biz KZ

@usergoogle114665564545802639179

Сайтта 2022 ж. 17 маусым

Мы видим суть событий

рейтинг

250

жазбалар

180

пікірлер

0

тіркелуші

1

жазылымдар

0

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының жаңа корпусы ашылды

200 орынға шақталған ғимаратта күрделі науқастарды емдеумен және оңалтумен айналысатын пульмонология, неврология, гастроэнтерология, эндокринология, неврология, ревматология және кардиология сынды 7 терапиялық бөлім бар.

Жаңа корпустың ашылуына орай 95 дәрігер – диагност, терапевт және реабилитолог мамандар арнайы конкурс бойынша жұмысқа қабылданып отыр. Жалғасы біздің веб-сайтта сілтеме #новости #bizkz #тренды #трендыbiz #новостиbiz

0
0
276

«Бурабай» ұлттық паркінде тұқымдыққа қарағай бүрін жинау басталды

Бұл туралы ҚР Президенті Іс Басқармасының ресми сайты udp-rk.kz хабарлады.«Ұлттық парктің қарағайлы орманының ауасы – жанға дәру. Алқаптың фитонцидтері әртүрлі өкпе ауруларына таптырмайтын шипа. Бірақ орманды күтіп-баптаудың қаншалықты бейнеті мол шаруа екенін көпшілік біле бермейді. Ағаштарға түрлі зақым келеді, өрттен зардап шегеді, олар да уақыт өте келе қартаяды. Орманның табиғи қалпын сақтау үшін ұлттық парк қызметкерлері көктем сайын тәлімбақта екі жыл өсірілген көшеттерді орманға отырғызады», – дейді директордың орынбасары, бас орманшы Бауыржан Махметов.Қарағай бүрін жинау және өңдеу машақаты көп жұмыс. Ұлттық парк қызметкерлері оны қараша мен наурыз аралығында тереді. Сапасы қаншалықты бітік шығуына байланысты әр жылы әрқалай болады. Жалғасы біздің веб-сайтта сілтеме#новости #bizk…

0
0
219

«Бурабай» ұлттық паркіндегі 3 көлге 60 мың шабақ жіберілді

Осылайша, Шортанды, Бурабай және Үлкен Шабақты көлдерінің әрқайсының балық қоры 20 мыңға көбейіп отыр.

Әр шабақтың орташа салмағы – 25 г. Алты айда біршама өсіп қалған балықтардың суықта аздап салмағы азайғанымен, қысты жақсы өткізеді дейді «Бурабай» МҰТП жануарлар дүниесін қорғау және молайту бөлімінің мамандары. Жалғасы біздің веб-сайтта сілтеме #новости #bizkz #тренды #трендыbiz #новостиbiz

0
0
224

Тәуелсіздікке алғашқы қадам: Қазақ КСР егемендігі туралы декларацияға 32 жыл

«Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылданды. Бұл құжат Қазақстанның нағыз тәуелсіздігіне апаратын құқықтық бастама болды. Жалғасы біздің веб-сайтта сілтеме #новости #bizkz #тренды #трендыbiz #новостиbiz

0
0
325

Айбек Дәдебаев:

Өткен аптада Астанада үш бірдей халықаралық жиын өткені белгілі. ҚР Президентінің Іс Басқармасы ауқымды іс-шараларды абыроймен өткізуге белсене қатысты. Аталған мемлекеттік органның басшысы Айбек Дәдебаев өзінің телеграм арнасында осы туралы айта келіп, барлық әріптестеріне ризашылығын жеткізді.– Бұл апта еліміз үшін маңызды іс-шараларға толы болды. Елордада халықаралық ауқымдағы бірнеше жиын өтті. Оны жоғары деңгейде ұйымдастыруға ҚР Президенті Іс Басқармасының ведомстволық ұйымдары белсене атсалысқанын атап өткім келеді. Астанамызға ат басын тіреген мәртебелі меймандарды лайықты күтіп алу, орналастыру, тасымалдау, медициналық көмек көрсету, қауіпсіздігін қамтамасыз ету секілді аса жауапты жұмысты мүлтіксіз атқару оңай шаруа емес. Оған Президент Іс Басқармасына қарасты ұйымдардың 600 қыз…

0
0
241

Тазы мен төбетті сақтау және қалпына келтіру мәселелері бойынша бөлек заң әзірленеді

ҚР Президентінің Іс Басқарушысы Айбек Дәдебаев қазақы ит тұқымдары тазы мен төбетті сақтау және қалпына келтіру мәселелері бойынша кезекті жиын өткізді, деп хабарлайды ҚР ПІБ Баспасөз қызметі.Кездесуде министрліктердің басшылық өкілдері бір ай ішінде атқарылған жұмыс барысы туралы баяндады, сондай-ақ жоспарланған іс-шараларға тоқталды. Сарапшылармен (кинологтар, ғалымдар) талқылау нәтижесінде тазы мен төбетті сақтау және қалпына келтіру мәселелеріне қатысты жеке заң жобасын әзірлеу жөнінде шешім қабылданғаны айтылды. Осыған орай, жиын қорытындысы бойынша ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне (қаралып отырған мәселе бойынша өкілетті орган) басқа мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып заң жобасының соңғы нұсқасын енгізу тапсырылды. Бұл құжатты әзірлеуге ҚР Презид…

0
0
168

Мектептегі атыс: Қазақстан қандай сабақ алуы керек?

Қанды оқиғаға не себеп? Қазақстан көрші елдегі жағдайдан қандай сабақ алуға тиіс? Таяуда Ресейдің Ижевск қаласындағы мектепте болған қайғылы оқиға жұртшылықты дүр сілкіндірді. Білім ордасына басып кірген қарулы 17 адамды оққа байлады. Қанды оқиғаға не себеп? Қазақстан көрші елдегі жағдайдан қандай сабақ алуға тиіс?Ижевск трагедиясы Ресей тарихындағы мектепке жасалған алғашқы шабуыл емес. Дәл осындай оқиға соңғы 5 жылда 5 рет тіркеліпті. 2018 жылы Қырымдағы политехника колледжінде, 2021 жылы Қазан қаласында, сол қыркүйегінде Пермьде, қазан айында Пермь маңындағы Сарс кентінде білім ордаларына қарулы шабуыл жасалып, 36 адам оққа ұшты.Осыған ұқсас трагедиялар өзге елдерде де жиілеп барады. Мысалы, биыл АҚШ-тың Техас штатындағы Ювалди қаласында Сальвадор Ромас есімді 18 жастағы бозбала 18 оқу…

0
1
539

Тіршілікті тәрк еткендер неге көбейді?

Суицид проблемасы Қазақстанда да өте өзекті. Не себепті адамдар жарық дүниені өз еркімен тәрк етеді? Мұндай шешімге бекінгендерді қалай құтқаруға болады? Осы сауалдардың жауабын іздеп, бірқатар мамандарды әңгімеге тарттық.МЫҚТЫ ҚАУЫМ МОРТ СЫНҒЫШ ПА?Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің дерегіне сүйенсек, жыл басынан бері 2 179 отандасымыз өз өмірін қиыпты. Олардың 444-і 15-29 жас аралығындағы азаматтар.Бір айта кетерлігі, суицид жасағандардың басым көпшілігі ер адамдар. Психоаналитик Лимана Қойшиеваның пайымдауынша, ерлер сырттай сыр алдырмағанымен, іштей мүжіліп жүре береді. Басқалармен ішкі күйзелісін бөлісуді әлсіздік деп есептейді. Ақыры бір күні морт сынып, өмірден баз кешуі мүмкін.Былтыр Алматыда үш баласын жоғарғы қабаттағы терезеден лақтырып, ар…

0
0
279

«Біздің мектепте үздіктер де, нашар оқитындар да жоқ»

Кез келген ата-ана баласының мектепке қуана барғанын, құлшына оқығанын қалайды. Сабақтың баға қойылмай, қызық әрі пайдалы өткені оқушыларға да ұнайтыны сөзсіз. Біз Қазақстанда алғаш болып осындай ерекше әдісті тәжірибеге енгізген Tamos Space School мектебінің бас директоры Хангелді Қаупынбаевты әңгімеге тартқан едік. 📷Жалғасы біздің веб-сайтта сілтеме #новости #bizkz #тренды #трендыbiz #новостиbiz

1
0
275