Temu Қытайдан АҚШ-қа жеткізілімді тоқтатты
Temu Қытайдан АҚШ-қа тікелей жеткізуді тоқтататынын мәлімдеді. Енді америкалықтар маркетплейстен тек АҚШ аумағындағы қоймаларда бар тауарларды ғана сатып ала алады. Бұл қадам арқылы Temu Трамп әкімшілігі енгізген қытайлық импортқа салынған қосымша салықтарды айналып өтуді көздейді.Осы жылдың 2 мамырында Ақ үй бұрынғы de minimis ережесінің күшін жойғанын ресми түрде жариялады. Бұл ереже бойынша АҚШ-қа жіберілетін құны $800-ден аспайтын шағын сәлемдемелерге салық салынбайтын. Осы жеңілдік арқасында Temu, Shein және AliExpress сияқты ірі қытайлық маркетплейстер АҚШ-қа сапасы онша емес, арзан тауарларды жаппай экспорттап келді. Ресми мәліметтерге сәйкес, АҚШ күніне Қытайдан 4 миллионға дейін арзан сәлемдеме қабылдаған.Енді бұл ағым мүлде тоқтамаса да, айтарлықтай азаяды. Қазіргі ережеге сәйке…

