«Демократияландыру кезеңіндегі жаңа қадам» тақырыбында БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізді.
Бүгін Жамбыл облысы бойынша Өңірлік Коммуникациялар қызметі алаңында «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Мәди Мәтен «Демократияландыру кезеңіндегі жаңа қадам» тақырыбында БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізді.Шарада «Мықты лидерлер – Мықты партия» қағидаты бойынша 2020 жылғы 17 тамыз бен 3 қазан аралығында өткен Праймериз қорытындысы баяндалды.Жамбыл облысында праймериз шаралары жоспарлы жүзеге асты.Қатысқан кандидаттар саны – 767.Облыс бойынша бір депутаттық орынға орта есеппен 5 (5,3) адамнан келді.Кандидаттардың 270-і (35,2%) әйелдер, 221-і (28,8%) 35 жасқа дейінгі жастар, 28-і (3,6%) көп балалы аналар, 29-ы (3,8%) қандастар және 8-і (1,0%) мүмкіндігі шектеулі жандар.Сол секілді, 290 (37,8%) білім және ғылым, 117 (15,2%) ШОБ және өндіріс, 108 (14,1%…