Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Экономиканың дамуы – жаңа стратегияға негізделеді

Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжінде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы тыңдалды. Жиында Тараз қалалық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшесі Амина Қайназарова сөз алып, «Нұр Отанның» сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары мен негізгі міндеттерінің орындалуы баяндады.

Жаңа инвестициялық саясаттың маңызды бағыттарының бірі – техникалық және кәсіби білім беру жүйесін дамыту. Техникалық және кәсіптік білім беру бағытына облыста 2 колледжде базалық алаң ретінде қайта жабдықтау жұмыстары жүргізіліп, оған 665,6 миллион теңге қаржы бөлінді (Жамбыл политехникалық жоғары колледжі, Құлан агротехникалық колледжі). Сондай-ақ, аймақта «WorldSkills» стандартына сай 10 құзыреттілік орталығы (химия, энергетика, құрылыс, механатроника, машина жасау бағыттары, агрономия, ветеринария) құрылды. Құлан ауылшаруашылығы колледжін жаңғырту үшін заманауи үлгідегі қондырғылар орнатылып, жылыжай, мал дәрігерлік клиникасы ашылды.

Облыста «100/200» қағидаты бойынша «Жас маман» жобасын 11 колледж іске асыратын болады (2020 жылы-5 колледж, 2021 жылы-6 колледж).

Жекешелендіру және тиімді меншік иелерін қолдау экспорттық әлуеті жоғары және қосылған құны жоғары өнім шығаратын қазақстандық кәсіпорындарға қолдауды қамтамасыз етеді. ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен кеңестің 2018 жылғы 2 мамырдағы №18 хаттамасының 1.3.1-тармағын орындау мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 20 қыркүйектегі №202 қаулысымен өңірлік экспорттық кеңес құрылған болатын.

Аталған кеңестің басты мақсаты өңірлік деңгейде экспортты дамыту және ілгерлету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру. Сонымен қатар, 2019 жылы жергілікті атқарушы органдар «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ бірлесіп кәсіпкерлік субъектілеріне өнімдерін сыртқы нарыққа экспорттау кезінде көрсетілетін мемлекеттік

Қазақстан Республикасының индустриялды-инновациялық дамуының 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында, Жамбыл облысында бірқатар экспортқа бағытталған жобалар жүзеге асырылды:

- «Оңтүстік Халал Тағамдары» ЖШС – «Халал стандартына сай жоғары технологиялы ет өнімдер өндірісі». Жобаның құны – 2560 млн.теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы – 5000 тонна ет өнімдері;

- «KazMiya» ЖШС - «Мия тамырын өңдейтін шағын зауыт». Жобаның құны 900 млн. теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы 300 тонна;

- «Казфосфат» «Минералды тыңайтқыштар» ЖШС ТФ – «Маркісі 10:46 аммофостын өндірістің көлемін көбейту 2 кезең». Жобаның құны 7000,0 млн.теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы 500 мың тонна аммофос;

- «Джанабекова С.С.» ЖШС - «Кондитерлік фабриканың құрылысы». Жобаның құны – 1482,0 млн.теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы – 2160 тонна.

Ал «Made in Kazakhstan» ұлттық брендін дамыту мақсатында жергілікті атқарушы органдар тарапынан тұрақты түрде жұмыстар жүргізілуде.

0
0
204

Осы тақырып бойынша

Экономиканың дамуы – жаңа стратегияға негізделеді - Yvision.kz