Перейти к содержимому
zhanibek.nurotan.kz

Жанибекский филиал

@zhanibek.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 18 қыркүйекКазахстан

Официальный филиал партии "AMANAT" Жанибекского района Западно-Казахстанской области

рейтинг

251

жазбалар

824

пікірлер

0

тіркелуші

8

жазылу

1

Қыс мезгілінде жолдардың ұстап-күтілуі жұмысымен танысты.

«Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев, партия жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Мейранбек Ибатов қыс мезгілінде жолдардың ұстап-күтілуі жұмысымен танысты. Танысу барысында аудандық тұрғын үй,коммуналдық шаруашылық және автомобильдер жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Жаналиев техниканың жағдайымен, қысқа дайындығы жөнінде қысқаша баяндап берді. Мекемеде 2 трактор К-700, 1 трактор Т-150, 2 автогрейдер, 1 кешенді-жол және 1 патрульдік машиналары пайдаланылады. Қыс мезгілінде жолға шашатын инертті материал дайындап қойған. Мекеме басшысының қысқыға толықтай дайын екенін атап айтты.

0
0
256

Ветеринариялық-профилактикалық шаралардың іске асырылуына бақылау жүргізді

Аудандық партиялық бақылау комиссияның мүшелері аудан көлемінде ветеринариялық-профилактикалық шаралардың іске асырылуына бақылау жүргізді. Аталған мәселеге байланысты Жәнібек аудандық ветеринариялық станциясының директоры Біржан Губашев атқарылып жатырған жұмыстар бойынша анықтама беріп, бірқатар өзекті мәселелерге тоқталды. Мәселен, қолданыстағы нормалар мен талаптарға сай қазіргі кезде қаңғыбас жануарлардың өмірін қиюға шектеу қойылған. Сәйкесінше ветеринария қызметкерлері бұл жануарлардың туу қабілетінен айыру шараларын қолданып келеді. Осы жағдайға байланысты Партиялық бақылау комитеті комиссиясының төрағасы Миранбек Ибатов және филиал төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуаналиев елді мекендердегі қаңғыбас жануарлардың саны күрт артуы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы…

0
0
228

«Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығын түсіндіру

«Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев "Оңтүстік", "Жұмаев" бастауыш партия ұйымдарының қатысуымен Н.Ә.Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығын және партияның Саяси кеңесiнiң кеңейтiлген отырысының қорытындыларын талқылау мақсатында жиын өтті. «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығы – бұл Елбасының саяси тәжірибесін саяси-философиялық тұрғыда ұғыну және топтастыру. Онда алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибелер және халқымыздың ұлттық тарихи-мәдени дәстүрлері ескерілген. Бұл Тәуелсіздіктің мызғымас құндылықтарын көрсететін іргелі құжат. Елбасы болашақ ұрпақ үшін егемен Қазақстан көшбасшылығының ауқымды және абсолютті формуласы көрініс тапқан қағидаттар жиынтығын ұсынды. Жиынға қатысушылар өз тараптарынан барлық бастамалард…

0
0
183

Аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

«Nur Otan» партиясының Жәнібек аудандық филиалында ұйымдастырылған қоғамдық қабылдауға Жәнібек ауданының мәслихат депутаты Ихсанов Берік Қабделұлы аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Өткен қабылдауға соңғы үміттерін арқалап келген ауылдың тұрғындары Усманов Арман және 3 топ мүгедегі Жанотов Темирлан. Негізгі мәселе тұрақты жұмысқа орналасу болып табылады.

Қоғамдық қабылдауға келген ауыл тұрғындарының мәселелері оң шешімін тауып тұрақты жұмысқа орналасты.

0
0
134

«Nur Otan» партиясы БҚО филиалының бастауыш партия ұйымдары арасында үздіктер анықталды

«Nur Otan» партиясы БҚО филиалының бастауыш партия ұйымдары арасында үздіктер анықталдыОралда «Nur Otan» партиясының бастауыш партия ұйымдары арасында үздіктер анықталды. Жеңімпаздар 4 аталым бойынша іріктелді. Жергілікті бастауыш партия ұйымдары «Чемпионмен жаттығу», «Жақсылық жасаудан жалықпа» қайырымдылық шарасы, әлеуметтік желіде «Мен нұротандықпын» деп пост жазып, маңызды мәселе туралы пікір білдіру бойынша өзара сынға түсті. Байқауда Жаннұр Бекбауұлының туындысы көпшіліктің көңілінен шығып, жеңіс тұғырынан көрінді. Ол «Nur Otan» партиясы атынан ауылдық округ әкімдерінің сайлауында халық қолдауымен Ақсуат ауылының әкімі болып сайланған. Жастайынан кітапты сүйіп оқитын жас әкім поэзия жанрында да қалам тербейді.Жаннұр БЕКБАУҰЛЫ, «АҚСУАТ» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Өзіміздің Ақ…

0
0
243

1991 жылы 10 желтоқсанда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланған еліміздің Тұңғыш Президенті

1991 жылы 10 желтоқсанда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланған еліміздің Тұңғыш Президенті ретінде ант берді. Осыдан тура 30 жыл бұрын дәл осы күні Қазақ КСР-ін Қазақстан Республикасы деп атау туралы шешім қабылданды.

https://www.facebook.com/zhanibek.nurotan/posts/915706835984678

0
0
198

«Борсы» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті.

Бүгін «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалының «Борсы» бастауыш партия ұйымының төрайымы және ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Айгүл Бекқалиева «Борсы» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті. Кездесуде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен өткен «Nur Otan» партиясының кеңейтілген кеңесінде, Елбасының ұсынған «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығының бағыттары мен партия Саяси кеңесінің кеңейітілген отырысының қортындылары жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстары барысында партия мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп,жиынға қатысушылар өз тараптарынан барлық бастамаларды қолдайтындықтарын білдірді.

0
0
101