«Сәлем, оқырман!» = «Здравствуй, читатель!»
Кітап пен жанды қарым-қатынастың нағыз мерекесіне айналған кездесу жас оқырмандарға заманауи қазақстандық жазушы, Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік әдеби шығармаға арналған VI Республикалық байқаудың «Орыс тіліндегі үздік әдеби шығарма» номинациясының жеңімпазы Наталья Геннадьевна Яковлевамен жүздесу қуанышын сыйлады.Жазушы байқауға қатысуы туралы әңгімелеп, жазушылық еңбектің көпшілікке беймәлім қырларымен бөлісті және «Подводная лодка Макса» повесінің жазылу тарихына кеңінен тоқталды. Кездесу қызу әрі әсерлі жағдайда өтті: балалар қызығушылықпен сұрақтар қойып, интерактивті тапсырмаларға белсене қатысып, заманауи әдебиеттің жаңа қырларымен танысты.Кездесу соңында Наталья Геннадьевна балаларға жағымды сыйлықтар табыстап, олардың жүрегінде жылы әсер мен ұмы…


