«Сәлем, оқырман!» = «Здравствуй, читатель!»

Біздің кітапханада ерекше жүздесу өтті!
Бүгін оқырмандарымыз үшін нағыз рухани мереке болды. Ертіс өңірінен, сұлу Павлодар қаласынан кітапханамызға белгілі ақын, жазушы Бейбіт Бөжен арнайы қонаққа келді!
Кездесу дәстүрлі форматтан тыс, залдың дәл ортасында, балалармен етене жақын, еркін сұхбат түрінде өтті. Бейбіт Медіғатұлы — жасөспірімдерге арналған үздік туындыларымен Ыбырай Алтынсарин атындағы VI Республикалық әдеби шығармалар байқауының жеңімпазы.
Балалар жазушының қазіргі заман тынысын суреттейтін хикаяларына үлкен қызығушылық танытып, кітап жазудың құпиялары туралы көкейкесті сұрақтарын қойды. Жас оқырмандардың ықыласы мен автордың шынайы әңгімесі кешке ерекше жылылық сыйлады.
Қадірлі қонағымызға және кешке белсене қатысқан барша оқырманға кітапхана ұжымы атынан алғыс айтамыз!
В нашей библиотеке прошла особенная встреча!
Из прекрасного города Павлодара к нам специально приехал известный поэт и писатель Бейбит Божен!
Бейбит Медигатулы является победителем VI Республиканского конкурса на лучшее литературное произведение для детей и подростков имени Ибрая Алтынсарина.
Встреча прошла в очень близкой и свободной атмосфере общения с детьми. Ребята проявили огромный интерес к его повестям и рассказам, отражающим дух современного времени, и задали множество волнующих их вопросов о секретах писательского мастерства.
От имени коллектива библиотеки выражаем огромную благодарность нашему дорогому гостю и всем читателям, принявшим активное участие в вечере!
#Заң_мен_тәртіп
#Закон_и_порядок
