Твиттердің танымалдылығы баршамызға аян, алайда, Twitter деген не және оны қалай/не үшін қолданады деген сұрақтарды әлі де естуге болады. Былай қарасаңыз, сұрақтар қарапайым, бірақ оларға бірден жауап беру қиындау. Микроблогингтің осы түрін пайдалану кеңестері орыс тілінде де, ағылшын тілінде де көп, бірақ солардың ішінен маған ұнағаны осы. Бір жағынан, осы тақырыпқа арналған жазбаны өзім жазуға ерінген де шығармын, қысқасы, Ольга Шагалованың (@olyapka) рұқсатымен осы жазбаны аудара салдым (қазақстандық оқырман үшін жасалған материал болғандықтан, сәл өзгертуге тура келді). Этимологиядан бастасақ, Twitter ағылшын тілінде - сөйлеу, сайрау. Байқасаңыз, бәріміз де твиттерде сүйтеміз. Твиттер - бұл микроблог. Мысалы, Сіздің бір блогыңыз бар - ЖЖда, евижнда, вордпрессте немесе басқа бір жерде.…