Шымкент: "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында кезекті ic шарасы өтті.
Бүгін Әл-Фараби ауданы аумағында "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті тазалық шарасы ұйымдастырылды. Аталған акция Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған еліміздегі ауқымды экологиялық қозғалыстың бір бөлігі болып табылады және халық арасында қоршаған ортаға деген жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруды көздейді.Іс-шараға аудан тұрғындары, көпқабатты үйлердің пәтер иелері кооперативтерінің өкілдері, тиісті мекеме қызметкерлері және еріктілерден құралған 100-ге жуық адам қатысты. Сондай-ақ, қоқыс пен қураған ағаш қалдықтарын уақытылы шығару мақсатында 3 арнайы техника жұмылдырылды.Жұмыс барысында бірқатар ауқымды шаралар атқарылды. Атап айтқанда: • Аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазарту; • Ағаштардың қураған бұтақтарын кес…
