Перейти к содержимому
Обложка сообщества Новости области Абай

Абай облысында дарынды балаларды қолдау бойынша 10-ға жуық жоба іске асырылады

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде дарынды балаларды қолдау бағытында жаңа бастамалар қолға алынды. Абай облысында 2023–2027 жылдарға арналған дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау жөніндегі кешенді жоспар әзірленген. Оның аясында бірнеше маңызды жоба іске қосылды.

«Ғылымдар диалогы» – ерте бейіндеу мен қолдауға арналған бастама. «Білім олимп мектебі» арқылы жыл сайын 200-250 оқушы елордалық оқу орталықтарына жіберілсе, «Бейіналды даярлық» сыныптарына 200-ге жуық 7-сынып оқушысы тартылған. Сондай-ақ «Профессорлық сағат» аясында 500 бала жоғары оқу орындары профессорларының дәрістеріне қатысады.

Шәкәрім университетінің базасында «JAS AKADEMIK» жазғы мектебі екі жылдан бері ұйымдастырылып келеді. 2024 жылы бұл жоба Оқу-ағарту министрлігінің балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бойынша үздік кейстер қатарына енгізілді.

«Тур край» жобасы оқушыларды туған өлкенің тарихи-мәдени мұрасын зерттеуге, экологиялық мәдениетін дамытуға, патриоттыққа тәрбиелеуге бағытталған. 114 туристік-өлкетану отряды құрылып, 10 мыңнан астам бала қамтылды. Жоба 2024 жылы республикалық «Үздік кейс» атанды.

«READ & MEDIA» әлеуметтік-педагогикалық жоба аясында облыстық конкурстар, оқулар мен олимпиадалар өткізіледі. Соңғы екі жылда республикалық жетістіктер 24%, халықаралық көрсеткіштер 18% өсті.

0
0
6068

Еще по теме

Абай облысында дарынды балаларды қолдау бойынша 10-ға жуық жоба іске асырылады - Yvision.kz