Перейти к содержимому
Обложка сообщества Новости области Абай

Әділет Қожанбаев Семей қаласының әкімі болып сайланды

Семей қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Гүлжан Қуанышева сайлауға сайлаушылардың 53,7 %-ы қатысқанын және Әділет Қожанбаевтың 77,1 % дауыс жинап, Семей қаласының әкімі болып тіркелгенін хабарлады.

2025 жылғы 12 қазанда Семей қаласында алғашқы тікелей әкім сайлауы өтті. Сайлаушылар тізіміне 220 761 адам енгізілді, оның 118 553-і (53,7 %) дауыс беруге қатысты.

– Үйден тыс дауыс бергендер – 2 548 адам, олардың ішінде 459-ы – түрлі санаттағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 2 482, «Барлығына қарсымын» бағанын таңдағандар – 4 310 адам. Жарамды бюллетеньдер саны – 111 761, – деді Семей қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Гүлжан Қуанышева Абай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Дауыс беру қорытындысы бойынша:

  • Әділет Қожанбаев — 89 441 дауыс (77,1 %);

  • Қаныш Төлеуов — 12 557 дауыс (10,8 %);

  • Айболат Бекжасаров — 9 763 дауыс (8,4 %).

– Учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес, Семей қалалық аумақтық сайлау комиссиясы 1980 жылы туған, Көкпекті ауылында тұратын және Көкпекті ауданының әкімі қызметін атқарған Әділет Нұрсағатұлы Қожанбаевты Абай облысы Семей қаласының әкімі ретінде тіркеу туралы шешім қабылдады, – деді Қуанышева.

0
0
3954

Еще по теме

Әділет Қожанбаев Семей қаласының әкімі болып сайланды - Yvision.kz