Перейти к содержимому
Обложка сообщества Новости области Абай

Бірлік пен мақтаныштың рәмізі: Семейде Республика күніне арналған Мемлекеттік Ту көтерілді

Ертістің сол жағалауындағы қоғамдық кеңістікте Республика күніне арналған салтанатты жиын ұйымдастырылды. Бұл мереке — Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін айшықтайтын, ұлттық бірлікті нығайтатын маңызды күн.

Шараға Абай облысы әкімінің орынбасары Мейірлан Раханов, мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам белсенділері, жастар және пікір көшбасшылары қатысты,хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Іс-шара барысында еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін бейнелейтін Мемлекеттік Ту көтерілу рәсімі өтті. Көлемі 3×6 метрлік Ту Семей қаласының ең биік нүктесіне — биіктігі 90 метр болатын аспалы көпірге орнатылды.

Бұл — Қазақстанның бай тарихын, бүгінгі жетістіктерін және жарқын болашағын еске салған рухани сәт. Шара аймақ тұрғындарының береке-бірлігін, елжандылығын және туған жердің дамуына үлес қосуға деген ортақ ниетін паш етті.

Фото: облыстың ішкі саясат басқармасы

0
0
6061

Еще по теме