Экскурсия

Бүгін Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына орай Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы ұйымдастырған «Елтану» туристік-өлкетанулық экспедициясының қатысушылары кітапханамызға арнайы ат басын бұрды.Экспедицияның басты мақсаты – ұлы ұстаздың тарихи, әдеби және педагогикалық мұрасын зерттеу арқылы жасөспірімдердің бойында белсенді азаматтық ұстаным мен отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, сондай-ақ олардың танымдық және шығармашылық әлеуетін дамыту.Экспедиция қатысушылары Ыбырай Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының тарихымен және тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысты.Кездесу барысында қонақтар кітап қорымен, түрлі бөлімдердің қызметімен, ғылыми-көпшілік және көркем әдебиеттермен, жаңа кітаптармен, мерзімді басылымдармен және кітап көрмелерімен танысты. Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына арналған «Ұлы ұстаз ұлағаты» көрмесі де қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды.Сонымен қатар, қатысушылар «Ашық кітапхана» алаңын, шығармашылық үйірмелерді, кішкентай оқырмандарға арналған ертегілер мен танымдық әдебиеттер қорын тамашалады. Кітапхананың әр бөлімінің өзіндік ерекшелігі мен мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.Кездесу соңы қонақтарға ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің бюсті таныстырылымымен және естелік суретпен қорытындыланды.Сегодня, в рамках 185-летия Ыбырая Алтынсарина, участники туристско-краеведческой экспедиции «Елтану», организованной Центром детско-юношеского туризма и экологии Управления образования акимата Западно-Казахстанской области, посетили нашу библиотеку.Главная цель экспедиции — изучение исторического, литературного и педагогического наследия великого учителя, формирование у подростков активной гражданской позиции и чувства патриотизма, а также развитие их познавательного и творческого потенциала.Участники экспедиции ближе познакомились с историей и деятельностью Костанайской областной детско-юношеской библиотеки имени Ыбырая Алтынсарина.В ходе встречи гости познакомились с книжным фондом, деятельностью различных отделов, научно-популярной и художественной литературой, новыми книгами, периодическими изданиями и книжными выставками. Особый интерес у гостей вызвала выставка «Ұлы ұстаз ұлағаты», посвящённая жизни и творчеству Ыбырая Алтынсарина.Кроме того, участники посетили площадку «Ашық кітапхана», познакомились с творческими кружками, фондом сказок и познавательной литературы для маленьких читателей. Гостям рассказали об особенностях и возможностях каждого отдела библиотеки.В завершение встречи гостям представили бюст великого просветителя Ыбырая Алтынсарина, после чего состоялось памятное фотографирование.


