Ыстамбұл және Кипр сапары. Менің лайфхактарым.

Сонымен, бұл жолы Түркияға екінші рет және Кипр аралына бірінші рет жол түсті.
Қазақстаннан Түркияға жетудің екі жолы бар - біріншісі, құрлық арқылы, яғни, Ресей, Грузия аумағы арқылы жетуге болады. Бұл жолды көбінесе кәнігі саяхатшылар таңдайды. Бұл жол бойынша көлікпен жетуге болады, екінші нұсқасы Әзербайжан арқылы, өйткені Түркия мен Әзербайжан шекараласады, бірақ, Нахичевань арқылы өтіп жүргендерді онша біле қоймадым.
Екіншісі, ұшақпен жету. Қазақстанның көптеген қалаларынан, мысалы, Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе қалаларынын Түркияға (Ыстамбұлға және жаңылмасам Анкараға) ұшуға болады. Ұшақ билетіне қатысты әрине Эйр Астана мен Turkish Airlines ыңғайлы болар, дегенмен, бағалары ыңғайлылығына қарай қымбаттау, одан өзге SCAT сияқты бағасы арзандау әуе компаниялары бар. "Арзанның суы татымас" деген мақалды естен шығармаңыз, мысалы, біз ерте билет алып қойған едік, алайда: "әуе рейсі өзге күнге ауыстырылды" деген хабарлама келді, ал, Сіз мысалы, қонақ үйге, баратын жерлеріңізді жоспарлап қойдыңыз. Біз амалсыздан Pegasus Airlines компаниясын таңдауға мәжбүр болдық. Дегенмен, оның бағасы SCAT бағасынан да 30 мың теңгеге арзан болды. Негізі, бііз шетелдік компания емес, Қазақстандық компанияны таңдаған едік. Қалай десек те Pegasus Airlines жаман емес, Кипрге ұшарда да олардың қызметін пайдаландық. Билетті Pegasus Airlines компаниясының сайтынан рәсімдеуге болады немесе мысалы, біз сияқты https://tickets.kz/ агрегаторын таңдаңыз. Жақсы жері тұрақты хабарлама келеді, екінші бір артықшылығы тиын-тебеніңіз жетпей жатса, сомасын аздаған пайызбен 4 айға бөліп бере салады. Өз басым ұшақ билеттерін осы компаниядан аламын, әрине, әрбір ұшақ компаниясынан да сатып алуға болады. Бірақ, бағада айырмашылық жоқ, әрі кетсе 200 теңге қымбат болар. Сосын Каспий қосымшасы да ыңғайлы. Бірақ, өз басым агрегатордан салыстырып қарағанды ұнатамын.
Виза (рұқсатнама) мәселесі. Қазақстан азаматтары Түркияда тіркелместен бір ай бола алады. Сондықтан мәселе жоқ. Тек, Кипр сәл ыңғайсыздау. Өйткені, Солтүстік Кипр танылмаған ел, оларды тек Түркия ғана ресми мойындайды. Тиісінше, Оңтүстік Кипрге (грек тарабы) өте алмайсыз. Кипр аралындағы қос мемлекетті көргіңіз келсе, грек тарабы арқылы барған дұрыс, ол үшін Еуропа визасы керек. Жаңылмасам бағасы 50 000 теңге көлеміндей болар.
Қонақ үй мәселесі. Кипрде де Түркияда қонақ үйді таңдауға ыңғайсыздыққа ұшыраған солтүстік көршіміздің де өзге елдердің азаматтарын көрдік. Сондықтан, қонақ үйге алдын ала бронь жасап қойған дұрыс. Ол үшін біз мысалы, https://www.booking.com/ сайтын пайдаланамыз. Артықшылығы, тоқтайтын қонақ үй туралы мәлімет аласыз, пікірлерден ыңғайлы ма немесе кемшіліктері бар ма, оны да білуге болады. Өз басым кейін тоқтаған мейманханаларым туралы пікір қалдырып отырамын. Осы ретте, екі жайтты айта кетейін, егер, Букингком сайтының тұрақты клиенті болсаңыз, жеңілдік беріледі. Екінші, 1-2 мың теңге қымбат болса да кейін, тіпті бір күн қалғанша дейін бас тартуға болатын нұсқасын таңдаңыз.
Көлік мәселесі. Ыстамбұлда көлік, жалпы такси бағасы ұшып тұр. Егер, реті келсе пайдаланбаған жөн, рейстен қалып қоятындай болса әрине тапсырыс берген жөн (әрине, қонақ үй қызметкерлері шықырып береді немесе арнайы компаниялар қызмет көрсетеді). Мысалы, әуежайдан жету құны 40-50 еуро аралығында, басты қатырмаймын десеңіз, тоқтайтын қонақ үйіңізден де шақыртуға болады. Әуежайдан метро да жүреді екен, бірақ, біз оның қызметін пайдаланбадық. Есесіне, әуежай алдындағы арнайы жүрдек автобустарға отыруға болады. Мысалы, біз Сұлтанахмет ауданына барынша жақындап барып түстік, одан әрі 15 минуттай жаяу жүрдік, бағасы бір адамға 105 лира. Қала ішінде трамвайда жүруге болады. Бір отырыс бағасы 15 лира ғана. Ол үшін арнайы карта алу керек. Бағасын білмедім, өйткені, біз әріптесіміздің екі картасын алып пайдаландық. Тарихи ауданда тоқтағанмен қаланың өзге бөліктеріне жету үшін трамвай өте ыңғайлы.
Тамақ проблемасы. Біз қонақ үйді таңғы асы кіретін мейманханадан таңдаймыз. Түскі асты қаланың қыдырып жүрген жерінен ішеміз. Екі адамға шамамен 500-600 лира шығар. Ал, кешкі ас қымбаттау, қандай тамақ ішетіңізге, нені қалайтыныңызға байланысты, біз шамамен 900-1000 лираға ас ішіп жүрдік.
Кәдесыйлар. Туристік аймақта кәдесыйлардың түр-түрі жетеді, қарапайым магниткалардан бастап кілемдерге дейін табуға болады. Оны енді өз қалтаңыз біледі. Көп зат алатын болсаңыз (мысалы, көтерме бағамен), онда Лелели ауданына бару керек. Бір сияқты қыдырып жүрген, 1-2 әрі кетсе 10 данадан тауар алатындарға Қапалы Чаршы базары да жетеді. Айтқандай, базардың ішінде емес, сыртында іздеп, саудаласып алуға болады. Міндетті түрде саудаласыңыз.
Келесі мәселе ол ақша. Негізі, ақшаны (әмиянды) ішкі қалтаға салыңыз. Лира мен басқа ақшаны (еуро, доллар) пайдалануға болады. Бірақ, базарлардан басқа орындардар лирамен төлейсіз ғой, Ақшалай да картамен де болады. Негізі, қалтада қолма-қол ақшаның да жүргені дұрыс.
Тіл мәселесі. Сервис саласындағы түрік ағайындар тіл табысуға тырысады, сондықтан, олардың бірнеше тілде сөйлейтіні қалыпты құбылыс. Тіл білсеңіз, ағылшынға сөйлесіңіз, түрікше білсеңіз, оларға да ыңғайлы. Орыс тіліне қатысты айтсақ, сауда маңындағылар орысша нан сұрарлық жағдайға жетіп қалған. Банкоматта да орыс тілі бар, базар аумағындағы кейбір жазбалар орыс тілінде, ол тек нұсқама деп қабылдаңыз. Жалпы, тіл білемесіңіз де өлмейсіз, өйткені түрік тілі қазақшаға ұқсас, түсінуге болады. Тіпті, калькулятор тілімен де сөйлесуге болар.
Не көруге болады? Бұл сұрақты қойған кезде мақсатыңызға байланысты, мысалы, біз төрт күнімізді тек Ыстамбұлға, екі күнімізді Кипр аралына арнадық. Сондықтан, кезінде шахзаделерді жер аударған Адаларыдан (аралдардан) өзге негізі нысандар Ыстамбұлдың тарихи аудандарында орналасқан. Мен мысалы, Айя-София кешенін, Сарыншы (Цистерна), Топқапы сарайын, Сұлтанахмет мешітін, Ыстамбұлдың археологиялық музейін, Қапалы Чаршыны (Гранд Базар) және т.б. нысандарды ұсынар едім. Ол енді, өз қалауыңызға байланысты. Біз мысалы, Таксим алаңына арнайы бардық. Бұл жерде митингілер өтіп жатады, азаттық белгісі деуге болар.
Не кию керек? Біздің әрбір қолжүгіміз 5 кг. аспайды, яғни, 6 күнге есептелген киім ғана және ыңғайлы аяқ киім мен су өткізбейтін куртка маңызды. Арқаға асатын рюкзак болса, онымен жүре бересіз. Және артық ақша төлемейсіз. Біз тек келерге 20 кг. рұқсат беретін рейсті таңдадық. Бірақ, оның өзі 5-6 кг аспады.
Айтқандай, Кипрде (нысандар) басқаша, ол туралы уақыт болса тағы толықтыруға тырысамын.
Әзірге осы!
