MEDIA ҚҰРЫЛТАЙ-2023
Жақында Алматыда Қазақстанның медиа нарығын дамыту мәселелері бойынша жыл сайынғы XV «Media Құрылтай 2023» салалық конференциясы өтті. Ұйымдастырушы - Қазақстан баспасөз клубы.Құрылтайда «Масс-медиа туралы» заң жобасы талқыланды. Сессиялардың бірінде «Radio Business FM» радиосының басшысы Рустам Мақсұтов радиохабар таратушылардың негізгі ауыртпалықтары туралы мәселе қозғады.Р. Мақсұтовтың айтуынша, бірінші мәселе – әуе толқындарының музыкалық мазмұны. Қазақ әндерінің көпшілігі радиоға жарамайды.«Радиостанциялар мен тыңдаушылардың өз талғамы бар. Шын мәнінде, қазір қазақ тілді аудитория үшін шығарылатын әндер көбінесе біз ұсынатын талаптарға сәйкес келмейді. Олар мейрамханалар мен кафелерде айтылатын әндер. Сондықтан форматымызға сай емес», – деді Рустам Мақсұтов. Шара шеңберіндегі отандық…