16 шілдеде прокатқа шығатын «Сансыз Байда» Жүсіп Ақшора алғаш рет басты рөлді сомдайды
16 шілдеден бастап Қазақстанның барлық кинотеатрларында «Сансыз Бай» сатиралық ситуациялық комедиясы көрерменге жол тартады. Фильмдегі басты кейіпкерді «Шаншар» театрының аңызға айналған әртісі Жүсіп Ақшора алғаш рет толықметражды кино туындысында сомдап отыр.









