ТҮРКИЯ – ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ “СҮЙІКТІ БАҒЫТ”
Естен кетпес ерекше сәттер сыйлауға ұмтылатын әлемдік той ұйымдастырушылар қауымдастығы – RSVP конференциясында той-думанның үздіктері анықталды. Жиын қорытындысында Түркия Жер шары бойынша туристер мен шаңырақ көтеруге ниетті жастардың «Сүйікті бағыты» деген атауға ие болды.RSVP — түрлі симпозиумдар, конференциялар, марапаттау салтанаттары мен үйлену тойыларын ұйымдастыратын әлемдік ұйымдардың ортақ платформасы. RSVP конференциясы 2018 жылдан бері екі жылда бір рет өткізіледі. Биыл Испанияның астанасы Мадридте бас қосқан шараға 30 мемлекеттен 250-ге жуық ивент ұйымдастырушылар, танымал спикерлер, профессионалдар қатысты. Үйлену тойлары мен түрлі шараларды өткізудегі соңғы үдерістер, брендинг пен дамуға қатысты мәселелер бойынша симпозиумдар болды.20 аталымнан тұратын RSVP Global Awards б…