ТҮРКИЯ: жыл сайын – 40 миллион турист
Түркияға аса қызығушылық танытатындардың көшін ресейліктер, немістер мен ағылшындар бастап тұр. 2019 жылы біз кем дегенде 50 миллион турист көрсеткішіне қол жеткізуге ниеттіміз. 2018 жылы Түркия Қазақстаннан барған 430 мыңға жуық туристі қабылдады. Теңіз туризмімен қатар, Түркия жыл бойы қысқы туризм, мәдени туризм, тау туризмі, далалық туризм, спорт туризмі, гастрономиялық туризм, сауда туризмі, сауықтыру туризмі, конгресс туризм, отау құру туризмі және т.б. әртүрлі бағыттар бойынша туристерді қабылдайды. Дүниежүзілік туризм ұйымының (ЮНВТО) деректеріне сәйкес, Түркия Еуропадағы туристер ең көп келетін алғашқы үл елдің, әлемдегі алғашқы он елдің қатарында кіреді. 2018 жылы Түркияға барып қайтқан ресейлік туристер саны 5 млн 964 мың 613 адамды құрады. Сонымен қатар, осы жылы Түркияға Герм…

























