Алтын Дала
«Алтын Дала»! Сонымен, 2019 жылғы 6 шілде күні түс кезінде Амангелді кентінен «Алтын Дала» резерватының «Ұлы Жыланшық» учаскесіне бағыт алдық. Жалпы, резерват Қазақстанда құрылған қорықтардың ішінде еліміз тәуелсіздік алған жылдары құрылған резерваттардың бірі. «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты — Қостанай облысының Амангелді және Жанкелдин аудандарының аумағында орналасқан резерват. 2012 жылы 27 қарашада Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы №1496 қаулысымен жаңадан «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты ұйымдастырылды.«Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерватының жер көлемі – 489 766 га алқапты қамтиды. Бұл табиғи резерват Қостанай облысының Амангелді және Жанкелдин аудандарының аумағында орналасқан далалы, шөлейтті, шөлді, шалғынды және сулы батпақты алқаптардың табиғи экож…
