Перейти к содержимому
Fvfylsr
Fvfylsr

Амандык Амирхамзин

@Fvfylsr

На сайте с 21 марта 2016 г.Казахстан, Астана

Без прошлого нет настоящего!

рейтинг

250

постов

323

комменты

85

подписчиков

20

подписка

1

Суқұм қала, Суық су, Су бойы елі және Шеркеш мәмлүктері туралы

Абхазиядағы оқиғалар көпшіліктің назарын аударды. Әрине, біз, 90 жылдардағы соғысты, одан кейін 2006 жылғы Кодордағы оқиғаларды және Ресейдің 2008 жылы Грузияға басып кіруін, кейін Абхазияның РФ протекторатына айналғанын білеміз.Егер, картадан карайтын болсақ, Абхазия Ресей мен Грузия арасындағы теңіз жағалауы аумағын алып жатыр. Абхаздар Ресей әскерінің көмегімен өз «тәуелсіздіктерін» жариялағанмен, өркениетті Әлем Абхазияны Грузияның құрамдас бөлігі ретінде таниды.Бірақ, мен ол жөнінде емес, жалпы, шеркештер, оның ішінде абхаздар туралы баяндамақпын.Және, біздің жұртпен көп ұқсастықтарын таптым.Арғы тарихына қатысты айтатын болсақ, абхаздардың халық ретінде пайда болып, қалыптасуы жөнінде әртүрлі нұсқалар бар. Біріншісі, олар Кіші Азиядан келген десе, екінші деректер, керісінші абхаздар…

0
0
3041

Хиуаға саяхат

Өзбекстанның батысына саяхат барысында жол түскен келесі нүктеміз - ол Хиуа. Иә, исі қазаққа әуелден таныс шаһар. Біз де көптен армандап, ақыры Хиуаға ат басын тіреген едік. Хиуаға Қазақстанның қос тарапынан баруға болады. Бірінші, әрине еліміздің батыс бөлігінен жету, Маңғыстаудан Нөкіске поезд жүреді. Бірақ, бір жарым тәулік тым ұзақ деп санаймын. Бір уақытта Ақтау мен Ақтөбеден Нөкіске тіке әуе байланысы жоспарланған еді, соңы сиырқұйымшақтанып кетті. Яғни, Нөкістен ары 170 шақырым қашықтықтағы Үргенішке жетесіз. Ал, Хиуа Үргенішке тиіп тұр. Қызық көріп, қос қаланы жалғайтын троллейбуспен жеткен едік.Екінші, Ташкент тарабы арқылы жету. Ташкенттен Үргенішке Өзбекстанның ішкі рейстері ұшады. Бір сағат жиырма минутта топ ете қаласыз да, таксиге отырып, Хиуаға жетесіз. Біз Нөкіс арқылы жет…

0
0
1963

Үргеніш шаһарына сапар немесе Хорезм - "ислам ренессансы" ошақтарының бірі

Сапарымыздың үшінші күні біз Нөкіс-Үргеніш жолымен бағыт алғанымызды алдыңғы посттарымның бірінде жазған едім. Әуелгі жоспар бойынша Ташкенттен Самарқандқа, Самарқандтан Бұхараға, Бұқарадан Үргенішке поезбен шығуымыз керек болған, бірақ, бәрі сол уақытқа байланысты ғой, сондықтан, керісінше, Ташкенттен Нөкіске, Нөкістен Үргенішке бағыт алған бетіміз бар еді. Әлішер атты бауырымыз такси жүргізушіне апарып, табыстап кеткен. Бір байқағаным, Қарақалпақстанда Қазақстанды өте жақсы біледі, жүргізуші бауырымыз тіпті Атырауда тұрыпты. Оны айтасыз-ау, Нөкіс көшесінде ролик киген бала велосипедке мініп жатыр екен: "Құлап қаласың ғой?" десем, ол бала: "Қазақстаннан келдіңіздер ме? Қазақстанда тұрғанмын" дейді. Жалпы, қызық әсер.Әрине, Нөкістен Үршенішке дейін поезбен де жетуге болады. Бірақ, 170 шақ…

0
0
1839

Қарақалпақстанға саяхат

Жалпы, менің жоспарларымның бірі - түркі елдерінің бәріне саяхат жасап, олардың өмір-салтымен, тұрмысымен, асханасымен, тілі мен тарихымен танысу. Осы уақытқа дейін Түркияда екі рет, Әзербайжанда екі рет, Солтүстік Кипрде, Қырғызстанда, Өзбекстанда болдым. Өзбекстанға екінші сапарымды Ташкенттен соң елдің батыс бөлігіне (Қарақалпақстан, Хиуа, Үргеніш) арнау себебім де сол еді. Яғни, Қарақалпақстанды әрине 1-2 күнде тану мүмкін емес, дегенмен, кітаптан оқыған бір бөлек те көзбен көрген тіпті басқа ғой.Әуелі қарақалпақтар туралы. Өзбекстандағы қарақалпақтардың саны 2021 жылғы дерек бойынша 752,7 мың, яғни, саны бойынша Өзбекстан халқының төртінші ірі жұрты, мысалы, сол 2021 жылғы статистикалық деректер бойынша Өзбекстанда өзбектердің саны — 29,2 миллиона адам, тәжіктердің саны — 1,7 миллион…

0
0
739

Өзбекстанға саяхат бойынша лайфхактар

Бірінші, әуелі құжаттарыңыздан бастайық. Шетелге шығу үшін құжатыңыз (құжаттарыңыз) (паспортыңыз, паспорттарыңыз) бар болар. Халыққа қызмет көрсету орталығында бірнеше күнде рәсімдеп береді. Төлем ақысы есімде жоқ, қымбат емес. Айтқандай, баламен шетелге шықсаңыз күйеуіңіздің (келіншегіңіздің) келісімі керек. Оны нотариус рәсімдеп береді. Сосын, жаман айтпай жақсы жоқ бұл құжаттардың екі көшірмесін алып алыңыз.Екінші, Астанадан Ташкентке бару үшін Шымкент арқылы, одан әрі қазақ-өзбек шекарасы арқылы өтуге болады. Бірақ, мен әу бастан бұл нұсқаны қарастырғаным жоқ. Себебі уақыт жоқ, оның үстіне 1-1,5 күнді жоғалтқым келмеді. Әрине, поезбен арзандау түсер, осы жерде қандай лайфхак қолдандым? Әуе билетін ерте алсаңыз, соғұрлым арзан түседі. Айтқандай, билетті алар кезде, деректеріңізді екі р…

0
0
936

Өзбекстанның ішкі әуе компаниялары мен шетелдік лоукастерлер туралы

Өзбекстанның ішкі әуе компаниялары мен шетелдік лоукастерлер туралы айтпасақ болмас?Астанадан Ташкентке және кері ұшатын екі компанияның ұшақтары бар екен, біріншісі - өзіміздің FlyArystan және Air Astana, екіншісі Өзбекстанның Uzbekistan Airways компаниясы. Бағасы қалтаға қарай, шамалы айырмашылық болар. Сондықтан, Ташкентке барып-қайту кезінде отандық FlyArystan компаниясын таңдадық. Өз лоукостеріміздің жалпы, басында бағасы арзандау еді, кейінгі кезде біраз қымбаттап кетті.Ал, Өзбекстан аумағында олардың Uzbekistan Airways компаниясын таңдадық, ыңғайлы, бағасы да аса қымбат емес. Мысалы, Ташкенттен Нөкіске дейін бір сағат жиырма минут ұшсақ, Үргеніштен Ташкентке де бір сағат жиырма минутта жеттік. Айтқандай, билетті көп агрегаторлардан қарадым да, аталған компанияның өз сайтынан алдым.…

0
0
2600

Адам атаның туған жері

Иә, Қарақалпақстанға барған кезімізде осындай әңгіме естідік. Енді, толықтыра кетсем. Ел астанасы Нүкістен Көне Үргеніш бағытында, шамамен 10 шақырым қашықтықта Ходжейли (Қожа елі) қаласының маңында Миздакхан кешені (қала жұрты) орналасқан. Үлкен және ескі екені көрініп тұр. Аумағы 200 гектарды алып жатыр.Бұл ежелі қала біздің заманымызға дейінгі IV–III ғассырларда пайда болған. Шаһар Гәуір қала (Кәпір қала) деген атаумен белгілі, яғни, заманында мұсылмандардың түсінігі бойынша кәпірлер тұрған. Ал, бұл кәпірлер кім дейтін болсақ, араб шапқыншылығына дейін, яғни VIII ғасырға дейін мұнда зорастризм дінін ұстанғандар тұрған. Яғни, отқа табынушылар.Заманында Ұлы Жібек жолының бір тармағы осы өлке арқылы өткен және мұнда ірі сауда-қолөнер орталығы орналасқаны анықталған.Кушан дәуірінде (I–IV ғ…

0
0
1680

Ташкент тарихының бір үзігі

Ташкенттің қазақ тарихына қатысты тарихы тереңде, мысалы, 1598 жылдан бастап 1723 жылдар аралығында Ташкент Қазақ хандығы қалаларының бірі болды.Одан кейінгі жылдары да Ташкентті қазақ билігі басқарды. Мысалы, Ташкент түбінде жерленген Төле би туралы жақсы білеміз. Мәселен, 1743-1749 жылдары Төле би (деректерде қазақ ханы Төле би депті) Ташкентті басқарып тұрған. Ташкент жұрты Төле биге 40 000 теңге көлемінде салық төлеп тұрады. 1741 жылы Ташкентке келген татар саудагері Шубай Арсланов былай деп жазыпты: «он Тюлебий с таким утеснением Ташкенту учинил, что ежели и захочет тот текущий туда канал, то тот-час запрудит и в другую сторону пустить может, от чего ташкентцы принуждены могут быть за удержанием на пашни воды помереть». Бұл жерде Шыршық өзенінен бастау алатын Бозсу арнасы туралы болс…

0
0
4422

Шылпық

Аңыз түбі шындық дейміз бе әлде аңыздың да бір негізі бар дейміз бе, дегенмен, қарақалпақ жері мен Хорезм елі өркениет ошақтарының бірі болғаны түсінікті. Нүкістан 10 шақырымдай қашықтықтағы Ходжейлиде (әуелгі атауы Қожа елі) Миздакхан деген бар, бұл бір үлкен археологиялық кешен. Аңызға қарағанда Атам ата сонда жерленген деседі. Қаланың өзі үлкен шаһар, бір заманда мұнда қазақтардың, түркімендердің, өзбектердің және қарақалпақтардың ірі базары болыпты. Қазір де ауылшаруашылығы өнімдері Нүкіске қарағанда арзан деседі. Жолай Әмударияның атақты Қызкеткен деген өзенінен (арнасынан) өттік, бір қызығы менің туған өлкем Қостанай облысында да Қызкеткен деген жер бар екен.Сонымен, Шылпық туралы. Шылпық Нүкіс-Үргеніш жолының бойында, Нүкістен шықсаңыз оң тарапта болады, жолдан қашық емес, көрініп…

0
0
2445

Таңсықбаев тұлғасы

Өзбекстанға сапар барысында Қарақалпақстан астаны Нүкіс қаласында орналасқан "Шығыс Луврі" атты И.В.Савицкий атындағы мемлекеттік өнер музейіне кірген едім. Музей қала орталығында тұр, шаһардың басты туристік нысандарының бірі десек те болар. Осы музейді аралау барасында белгілі суретші Орал Таңсықбаевтың да картиналарын көрген болатынмын. Жалпы, Таңсықбаев туралы білеміз, дегенмен, оның тұлғасы туралы толықтыра кеткен жөн болар.Орал Таңсықбаев 1904 жылғы 1 қаңтарда Ташкент шаһарында дүниеге келген. Көп балалы отбасыда туған Орал жеті жылдық мектепті бітірген соң, анасына көмектесу (әкесі қайтыс болады) мақсатында шарап зауытына жұмысқа тұрады. Ол осында жүріп сурет сала бастайды. Бұл кезеңдегі суреттері портрет жанрында белгілі. Сөйтіп, балаң жігіт 1923-1927 жылдары Ташкент өнер музейі ж…

0
0
3269