Абай атындағы драма ұжымы Қызылордада «Еңлік – Кебек» классикасын көрерменге ұсынды
Қызылорда қаласында өтіп жатқан Абай облысының мәдениет күндері аясында Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры Нартай Бекежанов атындағы театр сахнасында өздерінің үздік туындысын — «Абай айтқан “Еңлік – Кебек”» спектаклін ұсынды, деп хабарлайды Yvision.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.









