Перейти к содержимому
SymbatKS

SymbatKS

На сайте с 31 марта 2025 г.

Пользователь пока ничего не рассказал о себе.

рейтинг

101

постов

7

комменты

0

подписчиков

0

подписок

0

Ауызшар - сауабы мол игі іс!

Ауызашар беру – сауабы мол амал. Пайғамбарымыз: «Ораза ұстаушыны тамақтандырған адам (ауызашар берген) оның сауабын алады. Әрі оған ораза ұстаушының сауабы еш кемітілмей беріледі», деп сүйіншілеген (Тирмизи).

Ауызашар – Рамазан айында ораза ұстаған жандарға құрмет көрсетіп, ауыз аштыру дәстүрі. Бұл – тек дастархан жаю ғана емес, жақындармен, достармен, мұқтаж жандармен бірге отырып, сауап жинау, бірлік пен ынтымақты нығайту шарасы.

Ауызашар беру – ислам мәдениетінің маңызды дәстүрлерінің бірі. Бұл іс-шара арқылы адамдар бір-біріне мейірім танытып, ортақ дастархан басында бас қосады. Ауызашар тек ораза ұстаған адамдар үшін ғана емес, барлық мұсылман қауымы үшін қайырымдылық пен сыйластықтың белгісі болып табылады.

Ауызашар берудің артықшылықтары

1. Сауап жинау – Аш адамға тамақ беру – исламда үлкен сауапты істердің бірі.

2. Қарым-қатынасты нығайту – Жақындармен, достармен, әріптестермен кездесу, жылы қарым-қатынас орнату мүмкіндігі.

3. Қайырымдылық пен жанашырлық – Мұқтаж жандарға көмек қолын созу, олармен бір дастарқанда отырып, көңіл бөлу.

4. Рухани тазару – Бұл кеш тек тамақтану ғана емес, дұға ету, Аллаға шүкіршілік білдіру арқылы рухани тұрғыдан жетілу.

Міне, бұл ораза ұстаған жандарға құрмет көрсетудің негізі деп айтсақ та болады. Ауыз ашқызудың тағы бір маңыздылығы адамдар арасындағы береке, бірлікті бекемдей түсетіндігінде. Сонымен қатар адамдардың бір-бірінен үлгі алып, ораза тұтуға деген құлшыныстары арттыруға да септігі тиетіндігінде.

Міне, осындай сауапты игі істі біздің кафедрамызда атқарды. Ораза ұстаған ұжымдастарға және студенттерге құрмет көрсетіп, кафедрада, №8 жатақханада ауызашар берді.

Ауызашар беру – адамгершілікті, қайырымдылық пен ынтымақты дәріптейтін ізгі амал. Бұл игі дәстүр адамдардың бір-біріне деген құрметін арттырып, мейірімділік пен берекені еселейді. Сондықтан Рамазан айында ауызашар берген жандарға, ораза ұстаған жамағатқа барлық дұға тілектеріңіз қабыл болсын дегім келеді!
Осындай іс-шаралар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ті аясында үнемі ұйымдастырылып тұрады. Бұндай іс-шаралар болашақ ұрпаұұа үлкен тәрбие мен өнеге берері сөзсіз.
Ақпараттық технологиялар факультеті, Компьютерлік ғылымдар кафедрасы.фото
Авторлар: Иманкулов Т.С., Кабдрахова С.С., Закарьянова Н.Б., Мәткәрім Б., Чирикбаева Л.

0
0
3234

ҚазҰУ-да Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аталып өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Ақпараттық технологиялар факультеті, Компьютерлік ғылымдар кафедрасы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерейтой аясында еліміздегі этносаралық татулық пен қоғамдық келісімнің маңыздылығы талқыланып, Ассамблеяның атқарған рөліне терең баға берілді.

Шараға университет ұстаздары, студенттер, этномәдени бірлестіктер өкілдері мен қонақтар қатысты. Олар Ассамблеяның құрылу тарихы, оның Қазақстан қоғамындағы орны, бірлік пен тұрақтылықты нығайтудағы маңызы туралы ой бөлісті. Форум барысында түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті, дәстүрі және тілдері туралы ақпараттар ұсынылып, студенттер этникалық әртүрліліктің ел дамуына қалай әсер ететінін талқылады.

Спикерлер қатарында қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулық бағытында еңбек етіп жүрген мамандар, сондай-ақ Ассамблея жұмысына белсене араласып жүрген жастар болды. Олар бейбітшілік пен бірлік – мемлекеттің тұрақты дамуының басты кепілі екенін атап өтті. Сонымен қатар, қатысушылар Ассамблеяның болашақ бағыттары мен жастар арасындағы рөлін де сөз етті.

Іс-шарада студенттер патриоттық әндер шырқап, әр ұлттың биі мен мәдениетіне арналған шағын көріністер қойды. Бұл – жас ұрпақтың елдегі ұлтаралық келісімді құрметтеп, әртүрлілікті байлық ретінде қабылдайтынын көрсетті. Мұндай шаралар – студенттер арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастықты арттырудың маңызды құралы.

Қазақстан халқы Ассамблеясы – Тәуелсіздік жылдарындағы тұрақтылық пен бейбіт өмірдің символы. ҚазҰУ қабырғасында өткен бұл мерекелік жиын – бірлікті бағалауға, тарихты тануға және болашаққа сеніммен қарауға бағытталған маңызды басқосу болды.

Авторалар: Кабдрахова С.С., Закарьянова Н.Б., Гусманова Ф.Р., Нестеренкова Л. А.1

0
0
2916

Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру

Рухани  жаңғыру, форумҚазҰУ-да АҚШ-та білім алу және "500 ғалым" бағдарламасы туралы білім форумы өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Ақпараттық технологиялар факультеті, Компьютерлік ғылымдар кафедрасының ұйымдастыруымен "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" тақырыбында білім форумы өтті. Шара барысында Америка Құрама Штаттарында толық грант негізінде оқуға түсу, тағылымдамадан өту және "500 ғалым" бағдарламасы аясында білім алу мүмкіндіктері кеңінен қарастырылды.

Форумның басты мақсаты — студенттер мен жас зерттеушілерге шетелде білім алудың жолдарын түсіндіріп, оларды жаһандық академиялық ортаға бейімдеу. Спикерлер қатарында шетелдік университеттерде оқып келген түлектер мен халықаралық тәжірибесі бар мамандар болды. Олар өз тәжірибелерімен бөлісіп, құжаттарды дайындау, мотивациялық хат жазу, ағылшын тілі емтихандарына дайындық туралы нақты кеңестер берді.

Шара аясында түрлі мастер-класстар өтті. Қатысушылар халықаралық бағдарламаларға қатысуға қажетті дағдыларды тәжірибе жүзінде меңгерді. Сондай-ақ АҚШ университеттеріне өтініш беру кезінде жиі кездесетін қателіктер мен оларды болдырмау жолдары түсіндірілді. Форумда жастардың белсенділігі ерекше байқалды — олар шетелде оқуға қатысты нақты сұрақтар қойып, мамандардан жауап алды.

Форумда "Болашақ" және "500 ғалым" мемлекеттік бағдарламаларының шарттары мен мүмкіндіктері де кеңінен таныстырылды. Іріктеу талаптары, тағылымдама мерзімі, жетекші оқу орындарымен әріптестік орнату және ғылыми жобалармен жұмыс істеу секілді өзекті тақырыптар қамтылды.

Шара соңында ашық пікір алмасу алаңы ұйымдастырылып, студенттер мен жас мамандар өз ойларымен бөлісті. Форум қатысушылардың шетелде білім алу мен ғылымға бет бұруға деген қызығушылығын арттырып, нақты әрекетке бастайтын мотивация берді.

Авторлар: Кабдрахова С.С., Закарьянова Н.Б.

0
0
3738