Перейти к содержимому
masakz

Ардабек Солдатбай

@masakz

На сайте с 24 ноября 2010 г.Казахстан, Алматы

Пользователь пока ничего не рассказал о себе.

рейтинг

100

постов

62

комменты

7

подписчиков

14

подписок

14

Ардабек СОЛДАТБАЙ. Жер басып алу

1-мамырды алматылықтар ерекше қарсы алды десек те болады. Түн ауа бір рет, таңертең тағы бір рет жер сілікініп елдің үрейін алды. Гүрілдеп-дүрілдеген зілзала үнінен шошынған алматылықтар жапатармағай далаға қашып шықты. Орталық алаңда өтетін мерекелік шеруге қатысатындар ұйықтап қалмасын деп уайымдап жүрген шенеуніктерге бұл жақсы болды. Таңғы сегіз жарымда ұйқыларын зілзала бұзған тұрғындар да одан ары көсіліп жатудың орыны жоқ екенін түсініп алаңға ағылды. 25 мыңнан астам адам қатысқан алау-жалау әшекейлі шеру қазақ даласындағы халықтар достығын паш етуді мақсат еткен. Ұлттық киімдерін киген түрлі ұлыстың өкілдері қазақ елінде еш алаңсыз өсіп-өркендеп жатқандарына дән риза. Өз тілдерінде сөйлеп, салт-дәстүрлерін ұстанып, ұлттық нақыштарын жоғалтпай әрі аса ауқатты тұрып жатқан ұлыстар елде осындай саясат жүргізіп отырған билікке разы.

Zher0001.jpg

Zher0002.jpg

Zher0003.jpg

Zher0004.jpg

«Біреу тойды айналдырғанда, біреу қойды айналдырады» демекші, дәл осы кезде Алматының іргесіндегі Талғар тас жолының бойындағы Думан ықшам ауданында да мыңдаған адам жиналып жатыпты. Шерушілерге қарағанда олар мұнда тым ерте келген. Кейбірі тіпті кешеден бері осында екен. Таңғы сағат алтыдан бастап топтасқан көп адамды мұнда мерекелік көңіл-күй әкелмепті. Бұлардың барлығы Думанда пәтер жалдап тұратын қазақтар. Баспан қиындығынан әбден қажыған адамдар Думанның іргесіндегі баяғыдан бері бос жатқан жерді бөлісіп алмақшы. Мұның заңсыз екенін білсе де басқа амалдары қалмаған.

Zher0005.jpg

Zher0006.jpg

Zher0007.jpg

Zher0008.jpg

Жиылған халықты шеңбер жасай қоршап тұрған тәртіп сақшыларын аудан әкімі қайтарып жіберді. Олар жағдайды жол бойындағы көліктерінде отырып бақылады. Жиылған жұртшылықтың қимылын таспаға түсіріп арнайы көліктері де тұр. Өйткені, ашулы тұрғындар шатақ шығаруы да әбден мүмкін еді. Әкім қалай болғанда да халықпен сөйлесіп, оларға жағдайды ұқтырып көрмекші. Тұрғындардың ашу-ызалы, аянышты-жалбаранышты, ашынған, назаланған сөздерін үлкен сабырлылықпен тыңдап шықты.

Zher0009.jpg

Zher0010.jpg

Zher0026.jpg

Zher0016.jpg

Zher0011.jpg

Zher0012.jpg

Халық жердің  иесі бір түрік кәсіпкер деседі. Ол бірақ қазір шетелде тұрады екен. Пәлен жылдан бері осында тұрып жатқан тұрғындар ешқашан мына бос жерді біреудің пайдаланып жатқанын көрмегендерін айтады. Ал егер өздері бөлісіп алса бұл жерде 2500 үй бой көтермекші.

Zher0013.jpg

Zher0014.jpg

Zher0023.jpg

Zher0015.jpg

Талғардың әкімі Талғат Өмірәлиев басқа пікірде. Ол кісі бұл жердің иесі бір адам емес, жүздеген адам екенін айтады. Оның сөзін Талғар қаласы Жер қатынастары бөлімінің бастығы да растады. Әкім бұл мәселенің бір-екі күн емес, бір-екі жылда да шешіліп бітпейтінін айтады. «Жер дауы мен жесір дауы қашан толастап еді. Тек Талғар қаласының өзінде ғана жер алу кезегінде тұрған 36 мың адам бар. Ал мына тұрғындар Алматы қаласына қарасты Думан ықшам ауданында тұрады, көпшлігінің тіркеуі де жоқ. Олардың заңсыз жер басып алуын Талғар қаласының тұрғындары да қаламайды» дейді әкім. Ал тұрғындар басып алып жатқан жерді заңды иелері неге пайдаланбай отыр деген сауалға әкім де тұрғындардың сөзін қайталап «бәлкім, жердің бағасы өскенде сатып пайда тапқысы келетін болар» деді. Т.Өмірәлиев мына жұртшылықты жақсы түсінетінін, халықтың жағдайын етене білетінін, бірақ оларды жарылқау үшін қолынан ештеме келмейтінін де жасырмады. Өйткені, Алматының төңірегінде иесіз бос жер жоқ. Бәрінің қожасы бар. Заң бойынша біреудің меншігіндегі жерді талан-таражға салуға жол жоқ. Мейлі бұл жердің иесі бір адам болсын, мың адам болсын не істесе де өз еркі бар деген пікірде. Дегенмен, әкім де, Жер қатынастары бөлімінің бастығы да жердің біреудің меншігі екенін айғақтайтын құжаттарды көрсету талабын жауапсыз қалдыруды жөн санады.

Zher0017.jpg

Zher0018.jpg

Zher0019.jpg

Zher0021.jpg

Тұрғындар екі-үш жыл пайдаланылмай жатқан жерді әкімшілік орындарының мемлекет меншілігіне қайтарып алатынын өз мысалдарынан көптеп келтірді. Ал он бес жыл бойы не егін егілмеген, не құрылыс салынбаған мына 30 гектарға жуық жердің иесі жерге меншік құқықығын қалай сақтап келе жатқанына таң қалады. Айтпақшы, адамдардың жер басып алып жатқандарын естіп репортаж жасауға келген КТК арнасының тілшісі ұятқа қалды. Микрофон ұстап жеткен қаракөз қазақ қызын көрген ағайындар жан джақтан жамырасып, арыз-шағымдарын айта бастап еді әріптесіміз оларға орыс тілінде жеки сөйлеп, ештеме түсінбегенін, орысша білетін бір адам ғана сөйлеп беруін талап етті. Оның орысша сөйлеңдер бәлсінгеніне ашуланған халайық тілшіні қуып жіберді.

Zher0022.jpg

Zher0020.jpg

Zher0023.jpg
Zher0025.jpg

Zher0027.jpg

Тұрғындар өз білгендерімен жер телімдерін өлшеп, қазықтарын қағып, кейбірі болашақ үйлерінің іргетасының орынын дайындап, біреулері иеленген жерлеріне шатырларын да құрып алыпты.

Zher0028.jpg

Zher0029.jpg

Zher0033.jpg

Zher0034.jpg

Zher0039.jpg

Zher0040.jpg

Zher0041.jpg

Zher0042.jpg

Zher0043.jpg

Zher0044.jpg

Жиылған жұртшылықтың жалғыз талабы бар дейді мына жігіт. «Бізге керегі бар болғаны 5-6 сотық жер ғана. Ешкімнен басқа ештеме сұрамаймыз. Бізге 10-20 сотық жердің тіпті де қажеті жоқ. Аядай ғана үйімізді салып, баспана мәселесін шешіп алатын алақандай жер керек. Басқа ештеме сұрамаймыз. Бәріміз адал еңбегімізбен күн көріп жүрген адамдармыз. Көпшілігіміз ауылдан келгенбіз, балалы-шағалымыз. Өзіңіз де білесіз, Алматының өзін қойып, төңірегінен үй, жер сатып алуды ауыл қазағының қалтасы көтере бермейді. Бұл қадамға амалсыз барып отырмыз. Қазақстанның әрбір азаматы 10 сотық жерге ие бола алатыны Конституцияда нақты жазылған. Иә, рас, ауылда жеріміз, үйіміз болды. Бірақ Арқа жылы болса, арқар ауа ма? Бұрын жерің болған, Конституцияда қарастырылған құқығыңды бұзған жоқпыз, ал тағы жер алам деу заңсыз деген билік орындарымен келіспейміз. Өйткені, ауылда бәрі жақсы болса Алматыға келіп пәтерші болатындай ақымақ емеспіз ғой. Біз мына жердің иесі түрік болғаны үшін осындай әрекетке барып отыр деген ой болмасын. Ешқандай ұлтараздығын қоздыру ойымыз жоқ. Аталарымыз олар арып-ашып келгенде жарты нандарын бөліп берген. Сол қазақы қалпымыздамыз. Ұлттар мен ұлыстардың бейбіт өмір сүргенін біз де қалаймыз. Мына түрік жігіт те алсын жерін. Болсын көршіміз. Тіпті, мәселе оның жерінде де емес. Мына жүргендер 100 пайыз қазақтар екенін көріп тұрсыздар. Мәселе халықтың баспана қиындығынан әбден қажығандығында. Бұл жер болмаса басқа жерден берсін, әйтеуір баспана салатын ұлтарақтай жер керек. Бұл стихиялы түрде басталған нәрсе емес. Тұрғындар бірнеше күн бойы ақылдастық. Кеше де осында жиылып кеңесіп, барлығымыз бірігіп билікке талабымызды жеткізуді жөн санадық. Ендігі ойымыз өз арамыздан арнайы комиссия құрып бұдан былай сол адамдар ғана әкімшілікпен кездесіп, мәселені бейбіт жолмен шешсек дейміз» дейді ол.

Zher0037.jpg

Zher0036.jpg

Zher0035.jpg

Zher0031.jpg

Талғардың әкімі Т.Өмірәлиев облыс басшылары да мәселені бейбіт түрде шешу қажет деп тапсырма бергенін айтады. Сондықтан әзірге тәртіп сақшылары жағдайды тек сырттан бақылап отыр. Бірақ, тұрғындар қазық қағып алып заңсыз иеленіп жатқан жерлерінде құрылыс жұмыстарын бастаса құқық қорғаушылардың қарап отырмайтынын, үй салуға жол бермейтіндерін жеткізді.

Zher0030.jpg

Zher0032.jpg

Zher0038.jpg

Шаңырақтағы шатақты жақсы білетін тараптардың қай-қайсысы да артық қимыл, оғаш қылық көрсете қойған жоқ. Бірақ тұрғындар мәселе шешілмей бұл арадан тарқамаймыз дейді. Түнді осында өткізуге бел буыпты.

Zher0024.jpg

видео

 

"Маса ақпарат"

http://masa.kz/article/view/id/1474

0
1
989

Путин-Медведев: 26 сарай

Соңғы кездері интернетте Ресей билеушілері Путин мен Медведевке тиесілі жылжымайтын мүлікке қатысты дау өршіп тұрғаны белгілі. Назарларыңызға екеуіне тиесілі 26 сарайдың тізімін ұсынамыз.

 

Ашық ақпарат көздерінен
РФ президентінің ресми резиденциялары

1. "Горки-9" (Одинцовский ауданы, Мәскеу маңы)

gorki9.jpg

2. "Бочаров Ручей" (Сочи)
Voshrev-Pushei.jpg
3. "Долгие Броды — Валдай" (Новгород облысы.)
Valdai.jpg

 

Премьер-министрдің ресми резиденциялары

4. "Ново-Огарево" (Мәскеу маңы)
Novo-Ogavo.jpg
5. "Ривьера" (Сочи)
Riviera.jpg

Лауазымды тұлғалардың демалысы мен іс-шараларын өткізуіне арналған нысандар

6. Константиновский сарайы (Стрельна, Санкт-Петербург маңы)
konstantinovsky.jpg
7. "Шуйская Чупа" (Карелия)
Chupa.jpg
8. "Волжский Утес" (Куйбышев су қоймасында)
volj%20utes.jpg

9. "Тантал" (Волга қаласында, Саратовтан 40 шақырым)
tantal.jpg
10. "Ангарские Хутора" (Иркутск облысы)
angar-hutor.gif
11. "Малый Исток" (Екатеринбург маңы)
malyi%20istok.jpg
12. "Дом Севастьянова" (Екатеринбург)
dom%20sebastiana.jpg
13. "Сосны" (Красноярск өлкесі)
sosni.jpg
14. "Майн Дорф" (Рублевск тасжолындағы замок, Мәскеу маңы)
main-dorf.jpg
15. "Русь" (Твер облысындағы "Завидово" аңшылық шаруашылығының аумағында)
rus.jpg

 

Салынып жатқан мемлекеттік резиденциялар

16. Пионерский қаласында (Калининград облысы, 2012 жылы пайдалануға беріледі)
pionersky.jpg
17. Русский аралында (Приморье, 2012 жылы пайдалануға беріледі)
ostrov%20rusky.jpg

 

Нақтыланбаған мәліметтер бойынша Путин мен Медведевке арналған нысандар 18. "Лунная Поляна" (Адыгедегі тау-шаңғы кешені)
19. "Барвиха" (Мәскеу маңындағы Рублевск тас жолының бойындағы мемлекеттік саяжай)

barviha.jpg
20. "Домик высокого гостя" (Париж маңы) 21. АБЦ (Федералды қауіпсіздік қызметінің құпия нысаны, Мәскеу)
parij.jpg
22. "Дача доктора Винтера" (Сортавала, Карелия)
doktor%20binter.jpg
23. Утриш табиғи қорығындағы жоспарланған нысан (Қара теңіз жағалауы, Анапы ауданында)
zakaznik.JPG
Өршіп т ұрған әңгімеге қарамастан мына нысандар президент пен препьерге тиесілі емес дейді «Денег».
24. "Алтайское подворье" (қонақүй кешені, Алтай, "Газпромның" тапсырысы бойынша салынуда)
Altaisky%20podborie.JPG
25. Гамов жарты аралында жоспарланған нысан (Приморье, құрылыс жүргізілмейтін болды)
gamova.jpg

 

Жанама фактілер бойынша президент пен премьерге тиесілі, бірақ ресми түрде жоққа шығарылған нысандар
26. Прасковеевка және Дивноморское ауылдарының маңында салынып жатқан сарай (Қара теңіз жағалауы, Геленджика ауданында)
528724-3.jpg

Жайлы өмір сүруге арналған моблильді нысандар

ИЛ-96-300, ИЛ-96-300 ПУ(М) арнайы ұшақтары, арнайы пойыз, "Россия" теңіз теплоходы (ұзындығы 83,6 м), люкс класты "Олимпия" яхтасы (57 м), "Паллада" яхтасы (32 м), "Буревестник" штабтық яхтасы (27,4 м). Өткен аптада ғана Ресей президентінің Іс жүргізу басқармасы "Сириус" яхтасын (53,9 м) сатып алғаны белгілі болды.

 

Ардабек СОЛДАТБАЙ.

0
0
833

Протез киген ит

Mitzi атты неміс овчаркасы әлемдегі алғашқы протез киген ит атанды деп хабарлайды блоггерлер.  Жаңа заманның технологиясы осылайша адамның адал достары – жануарларға көмекке келуде. Дәрігерлер, «ағаш аяқтың» иттің жүріс-тұрысына еш кедергізін тигізбейтінін айтыпты. Расында Mitzi ақсаңдамай, еш қиналмай жүреді. Ал, иесі итінің бұрынғыдай шапқылап ойнағанына дән риаз. Ит баққан заман-ай деген...

Mitzi3.jpg
Mitzi.jpg
Mitzi2.jpg
Mitzi1.jpg

Бек ДАТҰЛЫ.

0
0
536

Азиаданы тамашалайтындар тым аз

Азия ойындарын тамашалайтын туристердің саны ұйымдастырушылар жобалағандай 10 мыңды төңіректемеуі мүмкін. Отандық туроператорлар осылай дейді. Бүгінде Азия ойындарына билеттер баяу қарқынмен сатылуда, ал шетелден келетін жанкүйерлер саны біз күткендей болмайтын сыңайлы. Азия ойындарының басталуына тура он күн қалса да сары құрлықтың басты сайысына келетін жат елдік жанкүйерлерге бар болғаны үш жарым мың билет сатылған. Бұл билеттердің басым бөлігін Қытай, Корея және Жапония туристері алғаны анық болды.

Шетелдік жанкүйерлерге ойындардың екі жақта өтетіні ұнамаса керек. Негізі, қандай да бір спорттық шараны өткізуді мемлекет емес, қала ұтып алады. Алғашында түгелдей Алматыда жалауы желбірейді деген Азия ойындарының жартысын Астанаға көшіріп жіберген соң, туристер санының тым азайып кетуі заңды. «Эйр Астана» басшысы Питер Фостердің қос қалаға қатынайтын ұшақтар санын көбейтеміз деген сөзі де он мың туристі жинай алмайтын сияқты. Бір жағынан, Азияның біраз мемлекетінде қысқы спорттың жолға қойылмауы қонақтар санын қысқартып отыр

Аягөз ДӘКЕН.

0
0
509

Азиада алауы Алматыны аралады

Көптен күткен Азиада алауы Алатау бөктеріндегі ару қалаға ат басын тіреді. Кеше Эль Кувейтте тұтанған Алау Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің  ТУ-154 ұшағымен Алматыға түскі сағат 11:30-да келіп қонған болатын.

Қала көшелерінде Азиада Алау эстафетасы ресми түрде сағат 14:00-де Халықаралық шаңғымен тұғырдан секіру кешенінде басталды. Алматыда алауды ең алғаш болып қолына алған қала әкімі Ахметжан Есімов.

Азия Олимпиада кеңесінің президенті шейх Ахмед Әл Сабахтың қолынан өткен Азиада Алауын сексен алматылық азамат көтере ұстап, алдын-ала белгіленген қала көшелерімен жүріп өтті.

Олардың арасында спорт және мәдениет қайраткерлері мен қаланың өркендеуіне  үлес қосқан жандар жетерлік.  Олимпиада ойындарының чемпиондары Жақсылық Үшкемпіров пен Ольга Шишигинаны көзіміз шалды. Олимпиада мен әлемдік сындарда жерге қаратпаған Ольга өзіне Алауды алып жүру сеніп тапсырылғаны үшін шексіз қуанышты:

- Жазғы спорт түрінен жеңімпазы ретінде қысқы Азиаданың абыроймен өтуін қалаймын. Өйткені, бұл менің Отанымда болып жатқан оқиға. Одан сырт қалуға менің еш хақым жоқ. Қазақстан спортшыларына тек жеңіс тілеймін!

Ал, ең алғашқы Алау жағылған құтыны сақтау бақыты Халық банкіне бұйырды. Азиада аяқталғанша банк белгіленген арнайы орында аталмыш Алау жанып тұрмақшы. Бүгін бірнеше жыл бойы бас көтермей дайындалған ең ірі спорттық оқиға – Азия ойындары басталып кетті десек те болады. Алматыны армансыз аралаған Алау енді еліміздің әрбір облысында қонақ болып, «Астана Арена» стадионына барып тұрақтайды.

Сымбат Сұлуова.

0
5
3090