Шымкент қалажұртынан табылған араб жазулы жез бұйым: Көркемдік-композициялық және тарихи-мәдени талдау
Шымкент – Орталық Азияның тарихи-мәдени кеңістігінде өзіндік орны бар көне қалалардың бірі. Қазіргі қаланың тарихи өзегін құрайтын «Шым қала» тарихи-мәдени кешені жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген археологиялық нысан болып табылады. Көне қалашық аумағында жүргізілген ұзақ мерзімді археологиялық зерттеулер нәтижесінде оның мәдени қабаттарынан әртүрлі тарихи кезеңдерге жататын материалдық мәдениет бұйымдары табылған. Олардың қатарында сыртқы пішіні мен көркемдік безендірілуі ғана емес, бетіне түсірілген жазулары арқылы да құнды ақпарат беретін жәдігерлер бар. Солардың бірі – араб жазуы және күрделі өсімдік тектес өрнектермен безендірілген жез бұйым.Жәдігердің беткі бөлігінде араб графикасымен орындалған бірнеше жазу белдеуі, медальон…