Ташкент тарихының бір үзігі
Ташкенттің қазақ тарихына қатысты тарихы тереңде, мысалы, 1598 жылдан бастап 1723 жылдар аралығында Ташкент Қазақ хандығы қалаларының бірі болды.Одан кейінгі жылдары да Ташкентті қазақ билігі басқарды. Мысалы, Ташкент түбінде жерленген Төле би туралы жақсы білеміз. Мәселен, 1743-1749 жылдары Төле би (деректерде қазақ ханы Төле би депті) Ташкентті басқарып тұрған. Ташкент жұрты Төле биге 40 000 теңге көлемінде салық төлеп тұрады. 1741 жылы Ташкентке келген татар саудагері Шубай Арсланов былай деп жазыпты: «он Тюлебий с таким утеснением Ташкенту учинил, что ежели и захочет тот текущий туда канал, то тот-час запрудит и в другую сторону пустить может, от чего ташкентцы принуждены могут быть за удержанием на пашни воды помереть». Бұл жерде Шыршық өзенінен бастау алатын Бозсу арнасы туралы болс…
