Маңғыстау облысында мұнайшылар автобусы жылқымен соқтығысты
Маңғыстау облысында Қаражанбас тасжолында мұнайсервистік компания қызметкерлерін тасымалдаған автобус жылқымен соқтығысты. Бұл туралы ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасы 27 қараша күні Қаражанбас-Ақтау тасжолында болған. Автобус вахтаға Қаратұрын кен орнына бара жатқанда жолға шығып кеткен жылқымен соқтығысқан.«Оқиға салдарынан төрт адам жарақат алып, бір азаматтың екі аяғы сынған. Зардап шеккендер облыстық ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады куәгерлер.Полиция департаментінің мәліметінше, автобус жүргізушісіне жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін және адам денсаулығына зиян келтіргені мен мүлікті бүлдіргені үшін әкімшілік шаралар қолданылған.Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, оның нәтижесі бойы…
