ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЛАУЫ, КӨПТІҢ ТІЛЕУІ – ТОҚАЕВ
📷ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЛАУЫ, КӨПТІҢ ТІЛЕУІ – ТОҚАЕВ📷Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына ұсынған халықтық коалицияның өкілдері №9 орта мектеп-интернаты ұжымен кездесті.📷Ұлағатты ұстаздардың алдында сөз алған Сабыржан Тембаев «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін» атты сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын түсіндірді.📷–Қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановтың «Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деп айтқан қанатты сөзі бүгінгі күні де өзекті. Біз әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің біріне емес, бірегейіне айналуымыз үшін сауаттылығы жоғары, бәсекеге қабілетті тұлға бола білуіміз қажет. Сондай-ақ, әрқайсымыз азаматтық ұстанымымызға берік болуымыз қажет, – деген Сабыржан Асхатұлы жиналғанда…






