«АМАNАТ»-ТАН ҮМІТКЕР АНЫҚТАЛДЫ
Аудан әкімдігінде өткен «AMANAT» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс ХХХ конференциясында Орда ауылдық округі әкімінің сайлауына партия атынан үміткер анықталды.Конференцияны партияның аудандық филиалы төрағасы, аудан әкімі Нұрлыбек Даумов жүргізіп:– Кезектен тыс конференцияның өкілеттін нормасына сәйкес, кешегі өткен 11 бастауыш партия ұйымы жиналыстарынан конференцияға 36 делегат сайланып, соның үшеуі себепті жағдаймен қатыса алмай отыр. Қалған делегаттар онлайн және оффлайн форматта қатысып отыр,-деп хабарлады. Сонымен қатар Нұрлыбек Жасқайратұлы ауданымызда Орда ауылдық округі әкімі мерзімінің аяқталуына байланысты өтуі қажеттігін айтып, оған партия атынан екі азамат өтінішін білдіргенін мәлімдеді.Осы ретте партияның атқарушы хатшысы Исатай Құрмашев:–Президентіміздің бастамасыме…

