Gedeon Richter: шизофрения туралы стереотиптер мен шынайы өмір арасындағы алшақтық
2024 жылғы 26 мамырда Алматыда Gedeon Richter компаниясының қолдауымен «Менталдық денсаулық: стигмасыз емдеу, қолдау және ресоциализация» форумы өтті. Іс-шара Дүниежүзілік шизофрения туралы хабардарлық күніне орай ұйымдастырылып, менталдық ауытқулары бар адамдарға қатысты қоғамдағы стигма мәселесін талқылауға арналды.

Форумда сарапшылар мен қатысушылар статистикалық деректер мен нақты өмірлік тәжірибелерді қарастырып, қазіргі медицина жетістіктеріне қарамастан, қоғамда әлі де теріс көзқарастың сақталып отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, пациенттердің қоғамға бейімделуі мен еңбек нарығына интеграциялану мәселелері көтерілді.







