КӨНЕ ҚАЛА - КӨНИГСБЕРГ / КАЛИНИНГРАД / МОДРИЧ
Көне қала Көнигсберг – бұрынғы Шығыс Пруссия, қазіргі Батыс Ресей шаһары. Батысында Балтық теңізі, шығысында Литвамен, оңтүстігінде Польшамен шектеседі. Бірақ, Ресейдің алып аумағымен де, Беларусь елімен де шектеспейді. Проросистік саясатқа қарсы елдердің ортасында оқшауланып қалған "ақ қарға" былайша айтқанда. Қысқасы, Әзербайжанның Нахачеван өңірі іспетті. Көрші елдердің азаматтары калининградтықтарды көп жақтырта бермейді деседі. Бір қызығы, қала тұрғындарының 1/3 бөлігі - біздің елден көшіп барған бұрынғы қазақстандықтар. Жүздеріне қарасаң, өткен өміріне сағынышы байқалады. Қазақстаннан пойызбен немесе көлікпен емес, әуемен ұшып бара салған әлдеқайда ыңғайлы. Ақшаңыз бен уақытыңызды үнемдейсіз, жүйкеңіз де жұқармайды. Өйткені, Литва аумағымен өту үшін Шенген визасы немесе транзиттік р…
