Құдайберліге Құдай берген ақындық талант
Құдайберлі Мырзабек еліміздегі әйгілі ақын, айтыс шебері, осы өте күрделі жанрдағы ондаған республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпазы, атақты Кәкен Шәкеевтің үздік шәкірттерінің бірі.Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Айтыскер ақындар мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының Ақмола облыстық филиалының төрағасы. Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры. Зеренді ауданына қарасты Ақан ауылының тумасы. Тілінің көркемдігі туған өлкесінің әсемдігінен шабыт алады. Көкшетау қаласының және Зеренді ауданының "Құрметті азаматы". Жақында Құдеке өзінің 60 жылдығын атап өтті.Біз мерейтой иесінен тұтас өмірін арнаған өнері туралы басты сұрақтарға жауап беруін сұрадық.- Айтысқа қалай келдіңіз? Бұл жанрдағы айтулы бәсеке мен жеңістеріңізге тоқталып өтсеңіз. - Менің айтысқа келуі…
