Астана ПД қызметкерлері ІІМ чемпионатында жүлделі орындарға ие болды
Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен жауынгерлік қарудан ату бойынша екі күндік республикалық чемпионат өтті.

Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен жауынгерлік қарудан ату бойынша екі күндік республикалық чемпионат өтті.
Алакөл жағалауында полиция қызметкерлері бір сағатқа жетер-жетпес уақыт ішінде адасып кеткен сегіз жасар баланы тауып, анасына аман-есен табыстады.Демалыс кезінде бала анасына жағалауда қалып қойған аяқ киімін алып келетінін айтып, өздігінен кетіп қалған. Алайда арада біраз уақыт өтсе де қайтып оралмаған. Бағдарынан жаңылған ол басқа елдімекенге қарай кетіп қалған.
Ішкі істер министрлігі бағалы металдардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимылды, оларды заңсыз өндіру фактілерінің жолын кесуге, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласындағы қылмыстық схемаларды анықтауға бағытталған іс-шаралар кешенін тұрақты негізде жүзеге асырып келеді.Жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында Шығыс Қазақстан облысының аумағында полиция қызметкерлері жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің заңды қызметін бүркемелей отырып, құрамында алтыны бар шикізатты заңсыз өндіру мен өңдеуді ұйымдастырған адамдар тобының заңсыз әрекетінің жолын кесті.
Қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігі, мемлекеттің тұрақты дамуы ең алдымен заңның үстемдігіне байланысты. Заң мен тәртіпті сақтау – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, әрбір азаматтың міндеті. Өйткені заңға құрметпен қараған қоғамда тұрақтылық, әділдік және өзара сенім қалыптасады.
Қазіргі таңда жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселесі қоғам үшін аса өзекті болып отыр. Себебі заңды білу, өз құқығы мен міндетін түсіну, құқық бұзушылықтың салдарын сезіну – азаматтық жауапкершіліктің негізгі көрсеткіштері. Сарапшылардың пікірінше, құқықтық сауатты ұрпақ қана әділетті қоғам құруға үлес қоса алады.